Сабақ тақырыбы 59 параграф. Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы юнеско-ның қызметі



бет1/2
Дата27.04.2023
өлшемі26,69 Kb.
#87595
түріСабақ
  1   2

Пәні

Дүниежүзі тарихы



Мұғалімнің аты-жөні

Рахимжанова Меруерт Камзеевна



Сабақ тақырыбы

59 параграф. Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі.



Оқу мақсаты

10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау.





Іс-әрекет реті

Ресурстар



Білу түсіну

Бұл сабақта не білеміз?

  • ЮНЕСКО-ның мәдени мұраны сақтау жөніндегі қызметі туралы білеміз.




Маңызды ақпарат


4- слайд
5- слайд
6- слайд
7- слайд


8- слайд


9- слайд
10- слайд


11- слайд


12- слайд
13- слайд


14- слайд
15- слайд



ЮНЕСКО-ның мәдени және табиғи нысандар тізіміне енгізуге қойылатын талаптар


Дүниежүзілік мұра бағдарламасының мақсаты – бірегей деп таңылған нысандарды танымал ету және қорғау.
1978 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне қандай мәдени және табиғи нысандар енгізілетінін анықтайтын 6 талап аталды.
2002 жылы аталған талаптар тізімі табиғи нысандарды бағалау талаптарымен толықтырылды. Қазіргі кезде қойылатын 10 талап бар.

Мәдени талап:


1.Нысан-адамзат жасампаздығының үздік туындысы.
2.Нысан уақыттың белгілі бір кезіңде,белгілі бір мәдени кеңістікте, сәулет өнерінде, қалаларды жоспарлауда адамзаттың әсерін айғақтайды.
3.Нысан осы уақытқа дейін бар немесе жоғалып кеткен мәдени дәстүр өркениеттер үшін ерекше болады.
4.Нысан адамзат тарихының маңызды кезеңін бейнелейтін құрылымның мысалы ретінде қарастырылады.
5.Нысан – адамның жерді, теңізді пайдалану, адамзаттық дәстүрлі құрылыстардың көрнекті мысалы б.т.
6.Нысан оқиғалармен қазіргі дәстүрлермен, идеялармен көркем туындылармен немесе заттық жағынан байланысты маңызға ие.

Табиғи талап бойынша:


1.Нысан – табиғи феномен немесе табиғатты көрікті эстетикалық жағынан маңызды кеңістік.
2.Нысан – Жер тарихындағы негізгі кезеңдердің аса жарқын үлгілері, оның ішінде тарихи ескерткіштер, геоморфологиялық және физикалық-географиялық ерекшеліктердің нышаны.
3.Нысан жер, тұщы су, теңіз экологиялық жүйелері және өсімдіктер мен жануарлар қауымдастығының эволюциясы, экологиялық немесе биологиялық процесстердің аса көрнекті үлгісі б.т
4.Ғылыми көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, нысан биологиялық саналуандылықты, оның ішінде жойылып бара жатқан дүниежүзілік құнды түрлердің сақталуы үшін табиғи ортаны қамтиды.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау жөніндегі қызметі


Дүниежүзілік мұра тізіміне уақытша негізде жер сілікіністері, қарулы қақтығыстар, бақылаусыз туризм сияқты табиғи немесе адам факторлары әсерінен жойылу қаупінде тұрған нысандар енгізілген. Ұйымның мақсаты іс-шаралар бағдарламаларын дайындау және қорғау, қалпына келтіру.

Қазіргі кезде дүниежүзілік мұра тізімінде 1092 нысан бар. Олардың 845 мәдени, 209 табиғи және 38 аралас нысан б.т. Олар дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға мүше 165 елде орналасқан.


ЮНЕСКО тізімінде Қазақстан Республикасынан 5 нысан бар. 3 нысан мәдени талаптар бойынша енгізілген, ал 2 нысан табиғи талаптар бойынша енгізілген.


Бұған қоса, 2017 жылғы жағдай бойынша Қазақстан аумағындағы 13 нысан дүниеж.зілік мұра тізіміне үміткерлер ретінде тіркелген.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – 2003 жылдың 23 маусымында ЮНЕСКО-ның Парижде өткен 27-сессиясында Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енді.


Тамғалы петроглифтері Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі 2004 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.


Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері – Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан. 2008 жылдың 7 шілдесінде Квебекте (Канада) өткен Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында қабылданған болатын.


«Елбасының бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» аясында ұлттық тарихнаманың жаңа да, жарқын беттері жазылды. 2014 жылы Жамбыл жеріндегі 5 бірдей нысан ЮНЕСКО-ның


«Бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтар» тізіміне енді. Олар, Ақтөбе - Баласағұн, Құлан, Қостөбе, Өрнек, Ақыртас қала-қамалдары.

2015 жылы маусым айының бас кезінде Париж қаласында өткізілген ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының кезекті Халықаралық үйлестіру кеңесінің 27-сессиясында Ақсу-Жабағылы қорығы дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.


ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра идеясы өзінің әмбебаптығына байланысты бірегей идея б.т. Дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау – өздері тұратын аумаққа қарамастан, дүниежүзіндегі барша халықтың ортақ парызы.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет