Сабақ тақырыбы: №8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»



бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#70480
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ тақырыбы: № 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»
Оқу мақсаты:
– магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;
Теориялық материал
Тұрақты магниттер
Магниттік құбылыстар адамдарға ежелден белгілі болған. «Магнит» сөзі Магнесии тасы деген мағынаны білдіреді. Магнеси Түркияныӊ солтүстігінде орналасқан қала.Магнетит - минерал құрамы FeO (31%) және Fe2O3 (69%).

АлғашзаттардыӊмагниттікқәсиеттерінҚытайдақолданған. Алғашқы компас Қытайдажасалған.Магнетиттен жасалған тұрақты магниттер медицинада ежелден қолданылып келген.Египеттің ханшайымы Клеопатра магниттен жасалған алқа таққан. Ежелгі Қытайда «Императордың ішкі медицина кітабында» магниттік тастарды денедегі Ци энергиясын қалыпқа келтіру үшін қолданған. Кейінірек заманда магниттің денсаулыққа әсерін атақты Аристотель, Авиценна, Гиппократ сияқты дәрігерлер мен философтар айтып кеткен. Орта ғасырда Гилберт атты дәрігер өзінің «Магнит туралы» шығармасында Елизавета I нің артрит ауруын тұрақты магниттің көмегімен емдегені туралы жариялаған болса, орыстың атақты дәрігері Боткин магниттік терапия әдісіне жүгінген.
Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В- ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. Магнит өрістерін бейне түрінде кескіндеу үшін магнит индукциясы сызықтарын пайдаланады. «Магнит өрісі» терминін 1845 ж. Ағылшын физигі М. Фарадей енгізген.



Тұрақты магниттер








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет