Сабақ тақырыбы 9-сабақ. Әжем тоқымқағар жасады Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі396,36 Kb.
#114687
түріСабақ
  1   2   3   4

Казыбаева Умыт Жамбуловна


«Павлодар қаласының
№ 24 жалпы орта білім
беру мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Әжем тоқымқағар жасады


Cабақ: 9

Мектеп: №24 ЖОББМ

Cынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

2-бөлім. Жолың болсын, жолаушы!



Сабақ тақырыбы

9-сабақ. Әжем тоқымқағар жасады



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау.
А4. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды, қорытынды жасайды. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды,қорытынды жасайды. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды,өз ойларын дәлелді, аргументтер келтіре отырып, жеткізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды,негізгі ойға қорытынды жасайды.

  • Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды, өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды, қорытынды жасайды.

  • Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды.

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер: тоқымқағар, мұқият, ғылыми жоба, жүлделі, туған- туыс, тілек

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ғылыми жоба, жүлделі орын, «Жолың болсын!», «Сапарың оң болсын!» «Жақсы тілек - жарым ырыс».

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тоқымқағар дегеніміз не?

  • Тоқымқағар қай кезде жасалатын дәстүр?

  • Тоқымқағарға кімдерді шақырады?

  • Әжесі тоқымқағарды неліктен жасап жатыр?

  • Ағасына қарап інісіне қандай ой келді?

  • Тоқымқағар дәстүрін жасау керек пе? Сенің көзқарасың қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет