Сайфулла Айдана 232 №14-ші ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ Тақырыбы: Қатерсіз мезенхималық ісіктер.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Мезенхималық ісіктердің жалпы клиникалық-морфологиялық сипаттамасы. 2.Дәнекер тіннен дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.
3. Тамырлардан дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.
4. Бұлшықеттерден дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.
5. Сүйектерден және буындардан дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.
Макропрепараттарды сипаттау: Жатыр миоматозы. Жатырдың пішіні мен өлшемін, ісік түйіндерінің санын, консистенциясын, олардың локализациясын (субсероздық, интрамуралдық, субмукоздық), түйіндердің кескіндегі түсін сипаттаңыз.
Жатыр миоматозы Жатырда субсерозды ,субмукозды – шырышты қабықша астында интрамуральды (ортасында ) орналасқан тығыздалған, ісіктік түйіндердің пайда болуына байланысты ағза үлкейген және деформацияланған. Ісіктердің шекаралары анық, псевлокапсуласы бар ---ісік өскенде бұлшықеті қысылып жіңішкеріп жолақ болып калған .Кесіндісінде ісіктік түйіндер ақшыл түсті, қатпарлы .Екіншілік өзгерістер болуы мүмкін- қанқұйылу, некроз, кальциноз ,склероз
Қатерсіз ісік--- бұлшықеттен дамыған--- бірыңғай салалы--- лейомиоматозы—жатыр миоматозы
Микропрепараттарды қарап, суретін салу: Жатыр лейомиомасы (Г-Э бояуы). Ісік паренхимасы мен стромасын сипаттаңыз. Ретсіз орналасқан бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарының қалыңдығының әртүрлі болуына назар аударыңыз.