Пән
|
Сала экономикасы
|
Оқытушының
аты-жөні
|
Ошакбаева М.А
|
Сабақ тақырыбы
|
Экономикалық теория пәні
|
Оқу мақсаты
|
Экономикалық теория пәні және мектептері туралы түсініктерді қалыптастыру
|
Топ
|
41 МК
|
Күні
|
19.09.23
|
Экономикалық теорияның пәні- шектеулі ресурстар әлемінде материалдық тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар.
Ғылым ретінде Экономикалық теория XV- XVI ғасырда пайда болды және осы кезеңде экономикалық мектептер пайда бола бастады:
16-17 ғасыр – меркантилизм - өкілі Томас Ман
18 ғасыр-физиократтар -Франсуа Кенэ
18-19 ғасыр –классикалық саяси экономика -Адам Смит
19-20 ғасыр-марксизм- Карл Маркс
19-21 ғасыр-неоклассикалық Экономикалық теория -Альфред Маршалл
20-баста21 ғасыр-кейнсианизм -Джон Кейнс
20-21 ғасыр – институтционализм -Джон Гельбрейт
20-21 ғасыр-монетаризм- Милтон Фридман
Экономикалық теория 4 бөлімнен тұрады:
Экономикалық теорияның негіздері- шаруашылықтың нарықтық ұйымдастырылуын және нарықтың жұмыс істеуін зерттейді: нарық субъектілері, нарықтық қатынастардың функциялары мен принциптері, нарық инфрақұрылымы, меншік нысандары және т. б.
Микроэкономика- жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер (фирмалар, кәсіпорындар, ұйымдар) мен үй шаруашылықтары арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттейді. Микроэкономика-экономиканың бастапқы буыны.
Макроэкономика - жекелеген салалардың және тұтастай елдің бүкіл ұлттық экономикасының қызметін зерттейді. Мұнда үкімет экономиканы басқару бойынша қабылдаған шешімдерді зерттейді.
Әлемдік экономика елдер мен топтары, қаржы-экономикалық ұйымдар мен ірі әлемдік банктер арасындағы жаһандық экономикалық қатынастарды зерттейді.
Бекіту сұрақтары:
1.Экономикалық теорияның пәні нені зерттейді?
2.Экономикалық теория неше бөлімнен тұрады?
3. Микроэкономика нені зерттейді ?
4. Макроэкономика дегеніміз не?
5. Әлемдік экономика
6. Қоғамдағы экономикалық процестер немен басқарылады?
7. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылығы
8. Қандай экономикалық мектептерді білесіздер?
9.ҚР қандай мемлекеттермен экономикалық байланыста?
№
|
Мектептің атауы
|
Даму кезеңі
|
Өкілдері
|
Негізгі қағидалары
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Студенттің өздік жұмысы
Достарыңызбен бөлісу: |