Сабақ тақырыбы: Электрондық баланс әдісі



Дата13.12.2022
өлшемі175,38 Kb.
#57115
түріСабақ
Байланысты:
Электрондық баланс әдісі

Сабақ тақырыбы:Электрондық баланс әдісі

Оқу мақсаты:электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

Кез келген тотығу-тотықсыздану реакциясының негізінде электрондық баланс жатыр. ТТР мәні: тотықсыздандырғыш қанша электрон берсе, тотықтырғыш сонша мөлшерде алуы керек. Электрондық баланс әдісін қолдана отырып, коэффициенттерді қолданып, реакцияны теңестірген кезде бірнеше ережелерді ескеру керек:

  • Кез келген тотығу-тотықсыздану реакциясының негізінде электрондық баланс жатыр. ТТР мәні: тотықсыздандырғыш қанша электрон берсе, тотықтырғыш сонша мөлшерде алуы керек. Электрондық баланс әдісін қолдана отырып, коэффициенттерді қолданып, реакцияны теңестірген кезде бірнеше ережелерді ескеру керек:
  • 1. Жай заттағы кез-келген элементтің тотығу дәрежесі 0-ге тең (Na0, K0, Ca0, O20, O30, Cl20, S80, P40);
  • 2. Бейтарап молекуладағы барлық атомдардың тотығу дәрежесінің қосындысы 0-ге тең;
  • 3. Кез келген элементтің максималды оң тотығу дәрежесі элементтердің периодтық жүйесіндегі топ санына тең, ал минималды теріс тотығу дәрежесі N (–8)-ге тең, мұндағы N – топ номері. Max – S+6, Mn+7, N+5, min – N–3
  • 4. Қосылыстардағы фтордың тотығу дәрежесі – (–1)(электртерістілігі ең жоғары элемент).
  • 5. Сілтілік металдардың (литий, натрий, калий, рубидий, цезий) тотығу дәрежесі – (+1).
  • 6. Периодтық жүйедегі II тобының негізгі топша металдарының (магний, кальций, стронций, барий) тотығу дәрежесі – (+2).
  • 7. Алюминийдің тотығу дәрежесі – (+3).
  • 8. Сутектің қосылыстардағы тотығу дәрежесі (+1) (гидридтерде NaHCaH2 металдарымен қосылыстар, бұл қосылыстарда сутектің тотығу дәрежесі – (–1).
  • 9. Оттегінің тотығу дәрежесі әдетте (–2), бірақ пероксидтерде (H2O2, Na2O2, BaO2 тотығу дәрежесі (–1), ал фтормен оксид түзгенде F–12O+2)

Мына заттар үшін H2 ,O2 ,N2 ,F2 ,Cl2 ,Br2 ,I2 2 индексі ескеріледі.

  • Мына заттар үшін H2 ,O2 ,N2 ,F2 ,Cl2 ,Br2 ,I2 2 индексі ескеріледі.
  • O20+2*2е- 2О-2
  • 2Н+1+2*1е- Н20
  • N20- 2*3e- 2N-3

Электрондық баланс әдісі

  • Тапсырма P+KClO3=KCl+P2O5 Мына реакцияны электрондық баланс әдісімен теңестіру керек.
  • 1. Әр элементтің тотығу дәрежесін жазамыз:
  • P0 +K+1 Cl+5O3-2=K+1Cl-1 +P2+5O5-2
  • 2. Тотығу дәрежелері өзгерген элементтерді бөліп жазамыз.
  • P0 +K+1 Cl+5O3-2=K+1Cl-1 +P2+5O5-2
  • P0 -5е- P+5
  • Cl+5 +6е- Cl-1
  • 3. Электрон сандарын сызықтың сыртына жазып, ең кіші ортақ еселігін табамыз.
  • P0 -5е- P+5 5 30 6 тотығу, тотықсыздандырғыш - P0
  • Cl+5 +6е- Cl-1 6 5 тотықсыздану, тотықтырғыш - Cl+5
  • 4. Коэффициенттерді реакция теңдеуіне қойып, теңестіру.
  • 6P0 +5K+1 Cl+5O3-2=5K+1Cl-1 +3P2+5O5-2
  • №1 тапсырма. Берілген. заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңыз.
  • N2 , Al2O3 , H2SO4 , SO2
  • №2 тапсырма. Тотығу және тотықсыздану процестерін анықтаңыздар
  • 1. C0 → C4+
  • 2. Fe3+ → Fe2+
  • 3. Zn2+→ Zn0
  • 4. S2- → S4+
  • №3 тапсырма. Электрондық баланс әдісін пайдаланып коэффициенттерді орналастырып, теңдеудегі коэффициенттердің қосындысын анықта.
  • H2S + Cl2 + H2O → H2SO4 + HCl
  • №4 тапсырма. Тотығу- тотықсыздану реакциясын электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз.
  • NH3+O2=NO+H2O
  • HNO3+P+H2O=H3PO4+NO
  • FeSO4+KMnO4+H2SO4=K2SO4+MnSO4+Fe2(SO4)3+H2O
  •  
  •  

Дескриптор

  • Дескриптор
  • -тотығу дәрежелерін анықтайды.
  • -тотығу және тотықсыздану процестерін ажырата алады.
  • - Реакция теңдеуіндегі заттардағы әрбір элементтің тотығу дәрежелерін анықтайды
  • - Тотығу дәрежелері өзгеретін элементтерді жеке жазып, тотығу, тотықсыздану процестерін анықтайды
  • - Берген, қосып алған электрондарды пайдаланып электрондық баланс арқылы реакцияны теңестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет