№7 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 1. Тақырыбы: Ферменттер клиникалық энзимологияның негізі. Ферменттердің номенклатурасы, классификациясы. Гидролазалар, лиазалар және трансферазалар. Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы..
2. Мақсаты:
1. Оқушылардың ферменттердің қазіргі классификациясы мен номенклатурасы, гидролаза класының негізгі өкілдері, каталитикалық әсері және түзілу орны туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Трансферазалар, лиазалар класының негізгі өкілдері, каталитикалық әсері, трансферазалар мен лиазалар құрамындағы витаминдер туралы білімдерін дамыту.
3. Студенттердің қан мен зәрдегі ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы туралы білімдерін дамыту.
3. Оқыту міндеттері: Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады:
1.Ферменттердің жіктелу принциптерін атауға.
2Гидролазаларды, олардың жіктелуін, өкілдерін, кездесетін орнын, катализдік әсерін сипаттауға.
3.Трансферазалар, лиазалардың құрылысындағы ерекшеліктерін, катализдік әсерін сипаттауға.
4.Трансферазалар мен лиазалардың коферменттерінің құрамына кіретін витаминдердің рөлін сипаттауға.
5. Амилазаны, альдолазаны, қышқылды және сілтілі фосфатазаны анықтауының клиникалық маңызын білуге.
6. Трансферазалар класы ферменттерінің диагностикалық маңызын сипаттауға
7.Биохимияның басқа тақырыптарын талдағанда осы тақырып бойынша білімін қолдануға.
8. Тақырып бойынша тест тапсырмалары мен ситуациялық есептерді шығаруға және жаттығуларды орындауға .
4.Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор: Міндетті: 1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 74-80, 93-102, 105-109, 290-293, 360-363, 437-440 б.
2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014.- 56-66 p., 86-87,175-176,247-249 р.
3.Энзимология негіздері /К.О.Шарипов, А.Е.Есімжан, М.С.Байбулова –Алматы: 2015. б 8-78, 110-139б