Сабақ тақырыбы: Философия тарихындағы адам мәселесі. Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар


Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі



бет5/7
Дата15.02.2022
өлшемі51,65 Kb.
#25586
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
5. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі.

Адам мәнінің марксистік түсінігі. Солай болғанымен де, адам табиғатының қарастырылған түсіндірмелеріне тағы да біреуін қосайық. Әңгіме Людвиг Фейербахтың (1804-1872) антропологиялық материализмі туралы болмақ. Фейербахты қызықтырған басты проблема – бұл адам мен оның мәні мәселесі. Оның үстіне, ол адамды қайдағы бір абстрактілі әлдене ретінде емес, өзінің барлық өмірлік көріністеріндегі реалды жаратылыс ретінде түсінді. Фейербах философиясында адам барлық философиялық зерттеулердің «бастапқы пункті және соңғы мақсаты» ретінде қарастырылады. Сондықтан да Фейербах философиясы – бұл философиялық антропология. Фейербахқа сәйкес, адам – «табиғаттың айнасы». Ол – табиғат туындысы және оның жаратылыстық күштері мен қабілеттерінің бейнеленуі болып табылады. Сондықтан заттар табиғатында жаратылыстан тыс ештеңе жоқ. «Жаратылыстан тыс» деп аталатынның бәрі адам арқылы жаратылысқа, яғни табиғатқа телінуі тиіс. Фейербах адамның табиғи-биологиялық сипатын атап көрсетті, ол гегельдік жалпылама абстракциялардан қол үзіп, жеке адамға бет бұрды. Айлайда Фейербах адамның өзін өте тар мағынада түсінді. Оның адамы реалдық қоғам мен қызметтен оқшауланған болып шықты. Сонымен Л.Фейербах дінді сынады. Ол табиғат пен адамнан тыс ештеңе жоқ деп есептеді. Оның түсінігі бойынша біздің діни қиялымызбен жасалған жоғары жаратылыстар – бұл біздің өз мәнімізді құдайландыру ғана. Табиғат философияға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, «ақиқат материализм де, идеализм де, физиология да, психология да емес, ақиқат тек қана антропология болып табылады». Фейербах бойынша, адамның мәні оның басқа адаммен қарым-қатынасында, яғни «тек етене қатынаста, адамның адаммен бірлігінде ғана» орын алады. Заманауи дүниедегі адам өткен дәуірлердің адамдарына тән болған нәрселердің бәрін сақтай отырып, ХХI ғасыр жағдаятының бірегейлігін бұрынғыдан да бетер танып біле бастайды. Жаһандық проблемалармен арқаланған заманауи дүние бүкіл адамзатты және әрбір жеке адамды аман қалу, тіршілік ету мен дамудың не принципті жаңа тәсілдерін қабылдау, не түр ретінде кері кету керек болатын жағдайға қояды. Қазіргі әлемде болжамдауға болмайтын үрдістер, нормадан ауытқулар, тұрақсыздық, экстремизм, лаңкестік және т.б. бола түскені бекер емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет