Сабақ тақырыбы:
Физикалық және химиялық құбылыстар.
№3 Зертханалық жұмыс "Химиялық құбылыстарды зерттеу белгілері"
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
7.1.1.3 Физикалық және
химиялық құбылыстарды ажырату;
Сабақ мақсаты:
– «физикалық және химиялық құбылыстар» анықтамасын білу, түсіну;
– химиялық реакциялардың белгілерін білу;
– физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату;
Сабақ барысы:
Сабақтың
жоспарлаған
кезеңдері:
Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет:
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақ басында көніл аударылатын кезеңдер:
– оқушылардың зейіні
– оқушалармен бірге сабақ мақсатын анықтау (оқыту
нәтижелері)
Өзектендіру тірек білімдері:
(У) Адам және оны қоршаған тірі және өлі табиғат
үздіксіз өзгерісте болады. Осындай болып жатқан әр түрлі
өзгерістер мен құбылыстар заттарға да сипат алады. Бізді
қоршаған ортадағы өзгерістер мен құбылыстарға
мысалдарды қарастырсақ, бұл құбылыстар физикалық
және химиялық болып келеді. Бүгін өткізілетін сабақтың
мақсаты физикалық және химиялық құбылыстарды
ажырату.
Сабақ тақырыбы
бойынша презентация
Мағынаны тану
(У) Бір заттың басқа затқа айналмай, өз қасиеттерін сақтап
қалуы бұл физикалық құбылыс екені бізге физика
курсынан белгілі.
Осылайша, шақпақ қантты ұнтақтай отырып, біз
қант өте ұсақталып, қант ұнтағын аламыз. Бұл
ұнтақталған қант бөлшектерін біз тек микроскоппен ғана
көре аламыз.
Егер қанттың судағы ерітіндісін қарастыратын
болсақ, біз одан ұсақ бөлшектер – яғни молекулаға
ыдырағанын байқауға болады. Қант ерітіндісінен суды
буландыратын болсақ, қант молекуласы қайта қосылып,
кристалданады. Қант - ұнтақтау кезінде де, суда еру
процесі кезінде де ол қант болып қала береді.
Булану процесі кезінде су буға айналады. Судың
буы – судың газ тәріздегі күйі. Салқындату кезінде су
мұзға айналады. Мұз – судың қатты күйі. Аз мөлшердегі
судың буы мен мұз – судың молекуласынан түзілген.
Сұйық күйдегі су, мұз, су буы әртүрлі заттар емес,
олар агрегаттық күйлері әртүрлі болап келеді бір заттан
(судан) тұрады..
Демонстрация:
шыны
түтікшенің
иілуі
(химия
кабинетінің мүмкіндіктерін ескере отырып, басқа да
құбылыстарды қарастыру).
(Г) Күнделікті өмірде кездесетін физикалық құбылысқа 5
мысал келтіру. Талқылау жұмысы топта жүргізіледі.
(У)Бұл құбылыстар негізінде жаңа заттар құрылмайтынын
атап өту қажет.
Сілті ерітінділері,
фенолфталеин,
қышқылдар,
барий хлориді,
натрий сульфаты,
мыс купоросы,
ас содасы,
сіріңке
http://bilimland.kz/.
https://www.youtube.co
m/watch?v=2V4UCLyC
wO8
физикалық
құбылыстар
https://www.youtube.co
m/watch?v=hFHiPbZ89
hs
видео урок
https://www.youtube.co
m/watch?v=4ZGULLW
Ey1c
ағылшын
тілінде
видео көрсету
Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты
өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні
өзгереді, жаңа зат пайда болмайды (парафиннің еруі,
шыны түтікшенің иілгіштігі).
Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық
құбылысқа жатады, (жану, шіру).
Қандай сыртқы белгілері бойынша біз химиялық
құбылысты физикалық құбылыстан ажыратамыз?
Химиялық реакциялардың белгілері:
1) Түсінің өзгеруі (күзде жапырақ түсінің сарғаюы)
2) Тұнбаның түзілуі (сүттің ашуы)
3) Жағымсыз иістің пайда болуы (жұмыртқаның шіруі)
4) Газдың бөлінуі (ас содасы + сірке қышқылы)
5) Жарық пен жылудың бөлінуі (жану, шіру)
(Г) Күнделікті өсірден химиялық құбылысқа 5 мысал
келтіру. Қандай негізгі белгілері бойынша бұл
құбылытарды химиялық құбылысқа жататынын түсіндіру
(Э)
№3 Зертханалық жұмыс "Химиялық құбылыстарды
зерттеу белгілері"
Тәжірибеде жасайтын іс-қимылдар:
Қандай белгілер негізінде бұл құбылыстарды химиялық
құбылысқа жатқызуға болады?
а) Сілті ерітіндісіне бірнеше тамшы фенолфталеин
тамшылатып қосыңыз. Байқалған құбылыс?
б) Барий хлоридіне натрий сульфаты ерітіндісін құю.
Байқалған құбылыс?
в) Мыс купоросы ерітінідісіне сілті ерітіндісін қосу.
Байқалған құбылыс?
г) Ас содасының аз мөлшеріне қышқыл ерітіндісін қосу.
Не байқалды?
д) Сіріңкені жағып, 2-3 секундтан кейін сөндіріңіз. Не
байқалды? (абайлаңыздар!!!)