Сабақ Тақырыбы: Грамматика және негізгі грамматикалық ұғымдар



Дата10.09.2023
өлшемі12,11 Kb.
#106812
түріСабақ

1 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Грамматика және негізгі грамматикалық ұғымдар


Мақсаты: Грамматика ұғымының мәнін түсіне отырып,оның басты объектісін анықтау,тілдің грамматикалық құрылысында тілдік единица ретінде сөздің орнын,оның грамматиканың объектісі бола алатынын игере отырып,сөздің дыбыстық комплекс жағы мен мағынасы арасындағы табиғи байланыс емес,бірақ дәстүрлі байланыстың мәнін түсініп аша білу.Сөздің грамматикалық сипатын анықтай отырып,одан туындайтын басты грамматикалық ұғымдарды ұғынып,олардың әрқайсысының ерекшеліктерін түсініп,шегін айқындай білу.


Практикалық сабақ жоспары:
1.Грамматика және оның салалары.
2.Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның ара қатынасы.
3.Грамматикалық мағынаның берілу жолдары.
4.Грамматикалық мағынаның түрлері


Бақылау сұрақтары:
1.Грамматиканың зерттеу нысаны не?
2.Сөздер түбір қалпында байланысты ойды білдіре ала ма ?
3.Байланысты ойды білдіру үшін сөздер сөйлемде қалай қолданылуы керек ?
4.Грамматика термині қалай пайда болған ?
5.Грамматиканың салалары қандай ?
6.Морфология нені зерттейді ?
7. Басты грамматикалық ұғымдарға нелер жатады ?
8. Грамматикалық мағына деген не ? Оның лексикалық мағынадан басты айырмашылығы неде ?
9.Грамматикалық мағынаның ішкі ерекшелігіне қарай түрлері қалай аталады?
10.Бір сөздің құрамында әр түрлі грамматикалық мағына бола ма ?
11.Грамматикалық мағынаны білдірудің қандай тәсілдері мен жолдары бар ?
12.Жалпы грамматикалық мағына қалай пайда болады ?
13.Категориялық грамматикалық мағына неден көрінеді ?Оның грамматикалық категориямен
байланысы бар ма ?
14.Қатыстық грамматикалық мағына неден көрінеді ?


Пайдаланылатын әдебиеттер.
1.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.А.,1972..
2.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.А.,1993.
3.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.А.,1992.
4.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., 1998.
5. Исаев С. Қазіргі қазақ тілі. А. ,2007.
6.Қазақ грамматикасы. Астана,2002ж.
7. Оралбай Н.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.А.,2007.
8.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/. А.,1991.
9. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. А.,2008.
10. Ысқақова Ш.Қ. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы (Оқу-әдістемелік құрал). ҚМПУ. 2015.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет