Сабақ. Тақырыбы: Жай нәруыздардың алмасуы



Дата17.11.2022
өлшемі19,28 Kb.
#50846
түріСабақ

11 САБАҚ .Тақырыбы: Жай нәруыздардың алмасуы.
Нәруыздардың қорытылуы және аминқышқылдарының сіңірілуі туралы түсінік. Асқазан сөлінің биохимиясы: қалыпты жағдайдағы құрамы,физика-химиялық қасиеттері,патология кезіндегі ауытқуы. Аминқышқылының анаболикалық және катаболикалық процестерге қатысуы (схема).Аммиактың түзілу және залалсыздану жолдары. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері.
Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады:
1.Ас қорыту жолдарында нәруыздардың қорытылу, амин қышқылдарының сіңірілу процестерін білуге.
2. Асқазан сөлінің физика-химиялық қасиеттері және асқазан сөлінің құрамы және олардың патологияда өзгеруін сипаттауға.
3.Асқазан сөлінің қышқылдығын талдау нәтижелері бойынша есептеу және қорытынды жасау
4.Аминқышқылдардың анаболикалық және катаболикалық процестерге қатысуын сипаттау.
5. Аммиактың түзілуі және залалсыздандыру жолдарын сипаттау.
6. Берілген тақырыпта алған білімдерін биохимияның басқа тақырыптары мен постреквизиттерді оқуда қолдануға
7. Жай нәруыздар алмасуының бұзылыстары мен асқазан ауруларының алдын алу үшін өмір сүру салты мен тамақтану бойынша ұсыныстарды негіздеу


Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор:
Міндетті:
1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 433-443 б, 484-491б.
2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014.- p.245-250
Электронды көздер:

  1. Учебник «Harper`s illustrated biochemistry» 2015 года. В библиотеке КазНМУ есть электронная версия этого учебника (1экз.)

Электронды ресурстар:
1.Обмен белков 1-часть https://youtu.be/ZLW2Z6y4--s
2. Обмен белков-1-часть https://youtu.be/ysU4qz6ZnNU
3. Метаболизм белков https://youtu.be/85wx4qIKATg


Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Нәруыз алмасуының ерекшеліктері. Азот балансы туралы түсінік.

  2. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы .

3. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі (ағылшын және орыс тілінде).
4. Асқазан сөлінің қышқылдық түрлері. Қалыптыдан ауытқуы. Қалыптыдан ауытқу себептері.
5. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, олардың пайда болу себептері.
6. Қалыпты асқазан сөлінің қалыпты физика-химиялық қасиеттері және олардың патология кезіндегі өзгерістері
7.Нәруыздардың АІЖ қорытылуы. Нәруыздардың қорытылуына қатысатын ферменттер, олардың сипаттамалары
8.Амин қышқылдарының сіңірілуі. механизмі туралы түсінік.
9. Аминқышқылдардың анаболикалық және катаболикалық процестерге қатысуы (схема).
10. Креатиннің синтезі туралы түсінік. Креатин мен креатининнің маңызы. КФК диагностикалық мәні.
11.Аминқышқылдарының декарбоксилдену жолдары туралы түсінік. Биогенді аминдердің пайда болуы. Маңызы.
12.Аммиактың түзілуі және залалсыздандыру жолдары туралы түсінік.
13. Жай нәруыздар алмасуының соңғы өнімдері.
Сабақты өткізу форматы:

  1. Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау 2 сұрақты қамтиды:

  2. Ауызша талдау тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жүргізіледі.

Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері: білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%). Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu платформасында ауызша және жазбаша сұрау.
БОӨЖ тапсырмалары:
1) «Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы» – үш тілде» сызбаны толтыру.
2) «Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физикалық-химиялық қасиеттері, патологияда өзгеруі» кестені толтыру:

Қасиеті

Қалыпты жағдай

Патологияда өзгеруі

Асқазан сөлінің қасиеттерінің патологияда өзгеру себептері













3) «Аминқышқылдарының декарбоксилдену жолдары. Биогенді аминдердің түзілуі. Маңызы.» тақырып бойынша конспект жазу.
БОӨЖ-ді бақылау: тапсырманың орындалғанын тексеру (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%). ОСӨЖ-дің сұрақтары аралық және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: Moodle dis.kaznmu платформасында.
БӨЖ тапсырмалары:
«Фенилаланин мен тирозин алмасуының бұзылуы» тақырыбы бойынша эссе жазу.
БӨЖ-ді бақылау: бағалау формативті (кері байланыс түрінде; жақсартылуы мүмкін). БӨЖ сұрақтары аралық және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген.
ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu платформасында.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет