Сабақ тақырыбы Жаяу жүргіншілер Оқу мақсаты



бет1/3
Дата14.12.2022
өлшемі171,38 Kb.
#57365
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
17-сабақ. Жаяу жүргіншілер 2

Мұғалімнің аты-жөні: Есенкелдіқызы Нұргүл



Сынып

5

Уақыт

Пән

Қазақ тілі




Бөлім

Көлік және жол белгілер




Сабақ тақырыбы

Жаяу жүргіншілер




Оқу мақсаты

5.2.3.1 нұсқаулық құрылымы мен ресімделі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
5.4.4.3 сын есімді зат есім орнына қолдана білу.






Сабақ мақсаты

Сіздің меңгеретініңіз:
• нұсқаулық құрылымы мен ресімделуін ескере отырып, мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін анықтайсың;
•жаяу жүргіншінің жол ережесімен танысасың;
•сын есімді зат есімнің орнына қолдануды үйренесің.




Сабақ барысы

  • Тақырып туралы түсінік беру;

  • Бекіту тапсырмасы;

  • Сабақты қорытындылау;

  • Қосымша тапсырма беру.




Жаңа сабақ

Жаңа бөлім мен тақырып туралы түсінік беру;




Бекіту тапсырмасы

1-тапсырма
Мәтінмен жұмыс. Нұсқаулық құрылымы мен ресімделуін ескере отырып, мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырату
2-тапсырма
Грамматикалық норма: сын есімнің зат есім орнына қолдану жолын түсіндіру
3-тапсырма
«Жаяу жүргіншінің әліппесі» деген тақырыпта толықтыру диктантын жазу
4-тапсырма
Жаяу жүргінші ережесі туралы нұсқаулықтарды ажыртауға арналған дұрыс, бұрыс тапсырмасын орындау.




Қорытынды

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып толықтыру диктантын жазу




Қосымша тапсырма

«Жаяу жүргінші білуі тиіс» деген нұсқаулықтар ретін тізіп жазыңыз.







Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар
Презентация



Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Бүгінгі қашықтықтан оқыту сабағымызға хош келдіңіздер!
Сабағымызды бастамас бұрын, берілген суреттерге назар аударайық!

Суреттер мазмұнына қарай ойтүрткі сұрақтарын жауап берейік!
-Берілген суреттерден нені байқадыңыз?

- Көлік жолындағы жолақ сызықтар нені білдіреді?


- Көлік жолында салынған жолақтардың жаяу жүргінші үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсыздар?
Ия, бұл жол белгі жаяу жүргіншіге арналған. Жол бойындағы осындай белгілер жаяу жүргіншілерге арналған арнайы белгіні білдіреді.
1. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жол.
2.Жаяу жүргіншілерге арналған жиек жол.
3.Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты жолы.
4. Жаяу жүргіншілерге арналған аспа жол (көпір).
Бүгінгі сабақта жаяу жүргіншіге арналған жол белгілері туралы нұсқаулықтардың құрылымы мен жанрлық ерекшеліктерін ажырататын боламыз. Сонымен қатар сын есімнің орнына зат есімдерді қолдануды үйренеміз.
Жаяу жүргіншіге арналған жеті кеңес деп аталатын бейнежазбамен танысып шығайық! https://yandex.kz/video/preview/?filmId=14208341318570576631&from=tabbar&parent-reqid=1610641865995843-1386438145247678412800171-prestable-app-host-sas-web-yp-166&text=%D0%B6%D0%B0%D1%8F%D1%83+%D0%B6%D2%AF%D1%80%D0%B3%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%9

1-слайд
тақырыбы


2-слайд
суреттер галереясы



3-слайд
ойтүрткі сұрақтары
4-слайд
суреттер галереясы
(жауап нұсқасы)
5-слайд
оқу мақсаты





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет