1-тапсырма Мәтінмен жұмыс. Нұсқаулық құрылымы мен ресімделуін ескере отырып, мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырату
2-тапсырма Грамматикалық норма: сын есімнің зат есім орнына қолдану жолын түсіндіру
3-тапсырма «Жаяу жүргіншінің әліппесі» деген тақырыпта толықтыру диктантын жазу
4-тапсырма Жаяу жүргінші ережесі туралы нұсқаулықтарды ажыртауға арналған дұрыс, бұрыс тапсырмасын орындау.
Қорытынды
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып толықтыру диктантын жазу
Қосымша тапсырма
«Жаяу жүргінші білуі тиіс» деген нұсқаулықтар ретін тізіп жазыңыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Бүгінгі қашықтықтан оқыту сабағымызға хош келдіңіздер!
Сабағымызды бастамас бұрын, берілген суреттерге назар аударайық!
Суреттер мазмұнына қарай ойтүрткі сұрақтарын жауап берейік!
-Берілген суреттерден нені байқадыңыз?
- Көлік жолындағы жолақ сызықтар нені білдіреді?
- Көлік жолында салынған жолақтардың жаяу жүргінші үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсыздар?
Ия, бұл жол белгі жаяу жүргіншіге арналған. Жол бойындағы осындай белгілер жаяу жүргіншілерге арналған арнайы белгіні білдіреді.
1. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жол.
2.Жаяу жүргіншілерге арналған жиек жол.
3.Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты жолы.
4. Жаяу жүргіншілерге арналған аспа жол (көпір).
Бүгінгі сабақта жаяу жүргіншіге арналған жол белгілері туралы нұсқаулықтардың құрылымы мен жанрлық ерекшеліктерін ажырататын боламыз. Сонымен қатар сын есімнің орнына зат есімдерді қолдануды үйренеміз.
Жаяу жүргіншіге арналған жеті кеңес деп аталатын бейнежазбамен танысып шығайық! https://yandex.kz/video/preview/?filmId=14208341318570576631&from=tabbar&parent-reqid=1610641865995843-1386438145247678412800171-prestable-app-host-sas-web-yp-166&text=%D0%B6%D0%B0%D1%8F%D1%83+%D0%B6%D2%AF%D1%80%D0%B3%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%9