Сабақ тақырыбы Л/т. Табыс кілті – еңбекте. Ақша және адамдар. Г/т. Қалау мәнді құрылымдар: -са/-се деймін, ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс. (Страдательный залог). Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде «л»дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т.б.Жұмыс істе-л-ді (Работа выполнена). Бір аптадан кейін жұмыс аяқта-л-ды (Через неделю работа была завершена). Хат ауылға жібер-іл-ді (Письмо отправлено в аул).
«Миға шабуыл» а) Табыс деген не?
ә) Ақша адамға не үшін қажет?
б) Қазіргі қоғамда еңбек маңызды ма, ақша маңызды ма? Неге?
1.Тыңдалым
Тыңдалым тапсырмасы: (В 1) Бейнежазбаны тыңдап, қолдау немесе қарсылық білдіру. Бейнежазба https://fb.watch/fQ5Mz8ejcL/
Тапсырма-1. Бейнежазбаны көріп келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Жауабыңызда -са/-се деймін қалау мәнді құрылымдарға назар аударыңыз. 1) Балалы әйел не істеп жүр ?
2) Неге ақшалы жігіт оған ақшасын бере салған жоқ ?
3) Ақшалы кісі көлік жүргізушіге не деді?
4) Еңбекпен ақша табу керектігін әйел түсінді ме?
2-тапсырма.«Адамның тағдыры өз қолында. Әркімнің бақыты өз қолында». 1. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
Иә, келісемін, менің ойымша, .........................................................................са екен деймін.
Жоқ, келіспеймін, себебі ... ....................................................................се екен деймін.
Оның себебін мен мынадай мысалдар бойынша дәлелдей аламын, яғни әр адам ..............................................жүрсе,............................................ақша табады. Адамдар ................................................................................. ақша тапса екен деймін.