Сабақтың пәні: «Музыка»».
Пән бойынша бөлім : «Менің мектебім».
Сабақ тақырыбы: «Музыкалық ертегі бейнесі».
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Әуеннің вокалдық, аспаптық түрін ажырату жəне анықтау, ұлттық жəне классикалық аспаптардың дыбысталуын салыстыру.
Осы сыныпқа бүгінгі тақырып бойынша Мен мынадай мақсат, міндеттер қойдым (атап айту). Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады, көңілді достар туралы жаңа əндерден музыкалық фразаларды есте сақтауға үйренеді, музыка тыңдай отырып бақылау жүргізеді, топпен қосылып əн айтуға талпынады.
Сабақтың соңында мен келесі нәтижелерге қол жеткіземін деп ойладым: Білім алушы әңгіме, ертегі, музыка (әуен) арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып, негізгі ойды түсінуге үйренеді;
Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді, жаңа әнді үйренеді, әр білім алушы тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой пікірін айтады;
Бұл сабақ (сабақ түрін көрсетіңіз) Жаңа сабақ
Сабақ кезеңдері мен құрылымын атап өтіңіз: Сабақты ұйымдастыру кезеңінде білім алушылардың сабаққа белсенділігі артты, негізгі бөлімде тапсырмалар орындады, қорытынды, дискриптор, рефлексия.
Сабақ барысында мен білім берудің жаңартылған мазмұнының талаптарына сәйкес заманауи білім беру технологияларын қолдандым (1 немесе бірнеше технологияны атаңыз) және оларды сабақтың келесі кезеңдерінде қолдандым (Сабақ кезеңдері мен тапсырмаларды көрсетіңіз): SMART тақта сабақ басталғаннан соңына дейін, музыкалық колонка, word wall тапсырмасымен кері байланыс, «Миға шабуыл» әдісі, «Ән орындау» әдісі, «Бағдаршам» әдісі.
Сабақтың мақсатына жету үшін мен жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін ... (сабақтың мазмұны: мысалдар, сұрақтар, тапсырмалар) таңдадым: «Миға шабуыл» әдісі арқылы тапсырма орындалып, «Ән орындау» әдісі арқылы жаңа ән орындады. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай берілді.Сабақтың соңы: «Бағдаршам» әдісі. Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсетті : Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті