«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Орталық Азияның ежелгі мәдениетінің сабақтастығы мен өзара ықпалы
Сабақтың мақсаты
Орталық Азия халықтарының мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау
Бағалау критерийлері
Бағалау- Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау
Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті туралы зерттеулерін анықтайды (оқылым, жазылым)
Орталық Азия халықтарының рухани мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдайды (айтылым, тыңдалым)
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Ою-өрнек, текемет, жылқы, үзеңгі, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар, Тәңірлік дін, ислам діні, Ұмай-ана, Күлтегін ескерткіші, «Кодекс-Куманикус» сөздігі, «Оғызнама» жыры Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі: Орталық Азия халықтарының рухани мәденитінің ерекшеліктері... Орталық Азия халықтарының рухани мәденитінің ең басты жетістіктері... Салалар бойынша жетістіктердің ең маңыздысы ... Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеттегі жетістіктерінің адамзат дамуына қосқан үлесі...
Құндылықтарды дарыту
Сабақ барысында «Функционалды сауаттылық», топтық жұмыста «Құрмет пен ашықтық» іске асады
Пәнаралық байланыстар
Оқылым-айтылым- жазылым-тыңдалым дағдыларына арналған тапсырмаларды орындауда қазақ тілімен, рухани мәдениет туындыларын сипаттауда қазақ әдебиеті пәнімен сабақтастық жүзеге асады