Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тригонометриялық формулалар
|
Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Тригонометриялық функциялардың қосындысын көбейтіндіге түрлендіру.
|
Оқыту мақсаты
|
9.2.4.10 тригонометриялық функциялардың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
|
Сабақ
мақсаттары
|
Тригонометриялық функциялардың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын есептеулерде, өрнектерді ықшамдауда, тепе-теңдіктерді дәлелдеуде қолданады
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді
қосынды және айырманы көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қорытып шығарады
қосынды және айырманы көбейтіндіге түрлендіру формулаларын өрнектерді ықшамдау үшін қолданады
қосынды және айырманы көбейтіндіге түрлендіру формулаларын бұрыштың мәнін табу үшін қолданады
қосынды және айырманы көбейтіндіге түрлендіру формулаларын тепе-теңдіктерді дәлелдеу үшін қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- тригонометриялық функциялардың аргументтерінің қосындысы мен айырмасының, екі еселі бұрыштың, тригонометриялық функциялардың қосындысын/айырмасын көбейтіндіге және көбейтіндіні қосындыға/айырмаға түрлендіру формулаларының қорытылуын түсіндіреді;
- тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектейді.
|