Сабақ Тақырыбы: «Тұсау кесу»



Дата03.02.2023
өлшемі497,07 Kb.
#64926
түріСабақ



Директорды»»
«Күйкен орта мектебі» КММ


Көркем әдебиет пәнінен
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Тұсау кесу»

2020 жыл

Тексерілді : Шағанова Б

ТАҚЫРЫБЫ:
Тұсаукесер

Мектеп: «Күйкен орта мектебі» КММ

Күні:12.03.2020 ж

Педагогтің аты-жөні: Нысанова Шолпан

Сыны.п: МАД «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
0.1.2.1 Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын жатқа айту
Мектеп жасына дейінгі балаларды жаңа технологияларды пайдалана отырып, ой- өрісін, қиялын жан- жақты дамыту.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Өлен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.
Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:
Өлеңді жатқа айтады. Эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:
Иллюстрациялар бойынша сұрақ қояды және оған жауап береді.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:
Халықтың салт-­дәстүрін біледі.
Тұсау кесу рәсімін әңгімелей алады.
Көптілділік: алғашқы қадам – первые шаги – first steps
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тәй­тәй басты, қаз тұрды.
Пікір алмасу сұрақтары:
Тұсау кесу рәсімі қанша жастағы балаға жасалады?
Тұсау кесу рәсіміне қандай заттар қажет? Не үшін қажет?
Тұсау кеу рәсімінде аталатын сөздерді білесіңдер ме?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Салт­-дәстүріміздің бірі – тұсау кесу рәсімі туралы баяндайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0–3 ми.н.



Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Тәрбиеленушілер бір­-біріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін айтады.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.


Топқа ат қою үшін төрт топқа төрт түрлі пазл беремін. Тәрбиеленушілер пазлды жинаған да сурет шығады. Сурет арқылы топтың атын шығарамыз.

  1. Бесікке салу

  2. Қырқынан шығару

  3. Тұсаукесер

  4. Атқа отырғызу

Осылар туралы толық мәлімет беріледі, талданады.






Пазл
(тұсаукесер, атқа отырғызу, қырқынан шығару, бесікке салу)

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
4–7 мин.

Тұсау кесер туралы видеоролик көрсетіледі, талданады, сұрақтар қойылады.
(Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Сурет бойынша сұрақтар қоямын, оған жауап береді.
– Суреттегі салт­-дәстүр саған таныс па?
– Тұсау кесу рәсімін қанша жаста істейді?
– Баланың тұсауын қандай адамға кестіреді?
– Тұсау кесу рәсімінде қандай тілектер айтылады?
– Тұсау кескенде қандай заттар керек?
Балалармен бірге талқылаймыз, қорытынды жасаймыз.

  • Ата-­бабамыздан келе жатқан салт­-дәстүріміздің бірі – тұсау кесу.

  • Тұсау кесу рәсіміне, ата-­бабамыздан келе жатқан дәстүр ретінде құрметпен қарау керек.

  • Тұсау кесу рәсімі – бала тәй­тәй басып келе жатқанда міндетті түрде қыз балаға да, ұл балаға да жасалынады.

  • Сенің отбасында қандай салт-­дәстүрлер бар?

Көптілділік: алғашқы қадам – первые шаги – first steps

видеоролик
Әліппе­-дәптер

III. Тақырып бойынша жұмыс
7–27 мин.

Шағын фольклор жанрына жататын Оразақын Асқардың «Тұсау кесу» өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқып беремін.
Оразақын Асқардың суретін көрсетіп мәлімет беремін.
Талқылау:

  • Өлең ұнады ма?

  • Өлең қалай аталады?

  • Не туралы айтылған?

  • Өлеңде қандай ғажайып сөз есіңде қалды?

  • Баланы неге епті, жүйрік деп атаймыз?

Өлеңді мәнерлеп екі-үш қайтара оқып беремін.
Өлеңді жаттап алу ұсынылады.
Сергіту сәті: «Айгөлек» биі
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: «Балақайға сыйлық сыйлаймыз»
– Тұсау кесу рәсімі кезінде балақайға қандай заттарды сыйлар едің? Суретін сал.
Әр топ өзінің балаларына сыйлайтын сыйлықтардың суретін салады.
Топтық жұмыс «Қабырға сөйлейді»
Қабырғаға тұсаукесер, атқа отырғызу, қырқынан шығару, бесікке салуға арналған заттардың суреттері ілінеді, әр топтан бір оқушы шығып сол суреттерден өздеріне керек суреттерді жинап тобына апарады, тобымен бірге отырып, постерге жапсырады, тақтаға бәрі бірге шығып қорғайды.

Оразақын Асқардің суреті



Әліппе­-дәптер

тұсаукесер, атқа отырғызу, қырқынан шығару, бесікке салуға арналған заттардың суреттері, А3, желім



IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.

Қорытынды жасаймын.
Сендерге сабақ ұнады ма? Не қызықты болды?
Өлең жолдарын бірнеше рет қайталау
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға береді.
Мен түсінбедім – бас бармағын төмен түсіреді,
Бәрін түсіндім– бас бармағын жоғары көтереді







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет