№10 практикалық сабақ
Тақырып:
Тығыз талшықты дәнекер
тін. Арнайы қасиеттері бар дәнекер
тіні
Тақырыпқа мотивациялық сипаттама
Дәнекер тіні - бұл дененің ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтауға
қатысатын, әдетте полидиферонды және жасушааралық зат (талшықты
құрылымдар мен аморфты компонент) басым болатын мезенхима
туындысының үлкен тобы.
Дәнекер тін адам дене салмағының 50% -дан астамын құрайды. Ол органдар
стромасын, басқа тіндер арасындағы қабаттарды, терінің дермаларын,
қаңқасын құруға қатысады. Дәнекер тіндердің полифункционалды табиғаты
олардың құрамы мен ұйымдастырылуының күрделілігімен анықталады.
Көптеген жылдар бойы дәнекер тін әр түрлі биомедициналық
мамандықтар өкілдерінің қызығушылығын тудырды.
Сабақтың мақсаты:
Дәнекер тіннің құрылымдық компоненттерінің
функцияларын, микроскопиялық және
ультрамикроскопиялық құрылымын және өзара
әрекеттесуін зерттеу.
Міндеті
•
Дәнекер тіндердің морфологиялық және функционалдық сипаттамаларын
білу.
•
Дәнекер тіндердің түрлерін, олардың
организмде орналасуын, функционалдық сипаттамалары мен қызметтерін білу.
•
Арнайы қасиеттері бар дәнекер тінінің гистологиялық құрылысын
микроскопиялық деңгейде айыра білу.
•
Гистологиялық құрылымы, дамуы мен қызметінің ерекшеліктерін білу.
Қажетті бастапқы білім деңгейі:
1. Дәнекер тіннің анықтамасы.
2. Дәнекер тіндерінің қызметі.
3. Дәнекер тіндерінің классификациясы.
Дәнекер тіндердің даму көзі
- мезенхима
(грек тілінен
алынған mesos - орта, enchima - толтыру массасы). Бұл
эмбриондық бастамалардың бірі (кейбір көзқарастарға сәйкес
– эмбриональдық тін), бұл ортаңғы ұрық жапырақшасының
бөлігі. Мезенхиманың жасушалық элементтері дерматом,
склеротом, спланхнотомның висцеральдік және париетальдік
жапырақшалары дифференциалдану процесінде түзіледі.
Сонымен қатар, жүйке айдаршасынан (ганглийлық
табақшалар) дамитын эктомезенхима (нейромезенхима) бар.
Дәнекер тіндерінің қызметі әр түрлі:
• трофикалық,
• қорғаныс,
• тіректік (биомеханикалық),
• пластикалық,
• морфогенетикалық.
Трофикалық функция
метаболизмге қатысумен және организмнің ішкі
ортасы құрамының тұрақтылығын сақтай отырып, әртүрлі тіндік
құрылымдардың қоректенуін реттеуге байланысты. Бұл функцияны жүзеге
асыруда негізгі зат- интегративті буферлік орта -су, тұз, қоректік заттардың
молекулаларын тасымалдау арқылы негізгі рөл атқарады.
Қорғаныс функциясы
денені физиологиялық емес механикалық әсерлерден
(зақымданудан) қорғаудан және сырттан келетін немесе дененің ішінде пайда
болған бөгде заттарды бейтараптандырудан тұрады. Бұл физикалық қорғаумен
(сүйек тінімен), сондай-ақ клеткалық және гуморальдық иммунитеттің
реакцияларына қатысатын макрофагтар мен иммунокомпетентті жасушалардың
фагоцитарлық белсенділігімен қамтамасыз етіледі.
Тірек (биомеханикалық) функция
бірінші кезекте барлық мүшелердің
талшықты негіздерін құрайтын коллаген және эластин талшықтармен, қаңқа
тіндерінің жасушааралық зат құрамы мен физико-химиялық қасиеттерімен
қамтамасыз етіледі (минералдану). Жасушааралық зат неғұрлым тығыз болса,
тірек, биомеханикалық функция соғұрлым мықты болады.
Дәнекер тіннің
пластикалық қызметі
тіршілік етудің өзгеру жағдайларына
бейімделу, регенерация, зақымданған жағдайда мүше кемістігін ауыстыруға
қатысудан көрінеді.
Дәнекер тіндерінің классификациясы.
Дәнекер тіндерінің түрлері
жасушалық дифферондардың,
талшықтардың құрамы мен арақатынасында, сондай-ақ
аморфты жасушааралық заттың физико-химиялық
қасиеттерімен ерекшеленеді. Дәнекер тіні меншікті дәнекер
тінге (борпылдақ дәнекер тін және арнайы қасиеттері бар
дәнекер тін) және қаңқа тініне бөлінеді. Соңғысы, өз
кезегінде, шеміршек тінінің үш түріне (гиалинді,
эластикалық, талшықты), сүйек тінінің екі түріне
(ретикулофиброзды және пластинкалы), сонымен қатар тістің
цементі мен дентиніне бөлінеді (1-схема).
Достарыңызбен бөлісу: |