Сабақ типі дәріс Мақсаты, міндеттер



Дата20.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#84904
түріСабақ

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

2 Сабақ жоспары




2D кескінін құруға арналған бағдарламалық жасақтама
(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Графика және жобалау
Дайындаған педагог: Аникенова Назерке Нурлановна
2021 жылғы «24» қыркүйек

  1. Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ:

I, 2021-2022 оқу жылы, 21ЕА-1

Сабақ типі

дәріс

  1. Мақсаты, міндеттер

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

  • - Microsoft Paint, CorelDRAW, Adobe Illustrator, Adobe Photoshop, КОМПАС-3D графикалық редакторларымен танысу.

  1. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

И. Дубинец, В. Кульбаева, Ж.Ергалиев. Графика және жобалау. 15 бет

Техникалық құралдар, материалдар

Дербес компьютер, Слайд

  1. Сабақтың барысы

4.1.

Ұйымдастыру

  1. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Оқушылармен амандасу

  3. Оқушыларды түгендеу

  4. Сабақтың мақсатымен таныстыру

4.2.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. КГ неше түрі бар?

  3. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі атаңыз.

4.3.

Жаңа сабақ
Курс тақырыбы: Ақпаратты визуализациялау графикалық тәсілдері мен құралдары
Сабақ тақырыбы: 2D кескінін құруға арналған бағдарламалық жасақтама

4.4

Жаңа сабақты бекіту

  1. Microsoft Paint деген не?

  2. CorelDRAW деген не?

  3. Тағыда қандай гарфикалық редакторларды білесіңдер?

4.5.

Студенттерді бағалау.

  1. Сабақ бойынша рефлексия

Келесі сөздер арқылы сабаққа деген көзқарас:
белсенді / немғұрайлы
көңілім толды / толмады
ұзақ / қысқа немесе тез
шаршамадым / шаршадым
жақсарды / төмендеді
түсінікті / түсініксіз
пайдалы / пайдасыз
қызықты / қызықсыз

  1. Үй тапсырмасы

И. Дубинец, В. Кульбаева, Ж.Ергалиев. Графика және жобалау. 15 бет
1. Дәрісті конспектілеу

Пән: Графика және жобалау
Курс тақырыбы: Ақпаратты визуализациялау графикалық тәсілдері мен құралдары.
Сабақ тақырыбы: 2D кескінін құруға арналған бағдарламалық жасақтама
Windows операциялық жүйесіндегі стандартты бағдарламалардың бірі – информатика пәнінен белгілі Microsoft Paint графикалық редакторы.
Microsoft Paint - Windows операциялық жүйесінің құрамында кіретін Microsoft компаниясының көпфункционалды, бірақ пайдаланылуы өте жеңіл растрлық графикалық редакторы. Редактордың құралдар жинағы шағын, оның мүмкіндіктері басқа да көптеген графикалық редакторлармен салыстырғанда, анағұрлым шектелген. Бірақ негізі функциялар жиынтығы мен қолданылуының қарапайымдылығы Paint редакторы компьютер пайдаланушылары арасында өте таымал етті. Кез келген компьютерлік бағдарламаның соңғы жетілдірілген нұсқаларының интерфейсінде жаңа өзгешеліктер болуы мүмкін.
CorelDRAW – векторлық графиканың графикалық редакторы. Онда пайдаланушылар векторлық бейнелерді жасап, кейін оларды өңдей алады. CorelDRAW пакетіне сондай-ақ әртүрлі фотосуреттерді өңдеуге болатын Corel Photo-Paint растрлық графика редакторы, экраннан суреттерді басып алуға мүмкіндік беретін Corel CAPTURE және басқа да қосымша бағдарламалар кіреді.
CorelDRAW редакторы нысандарды әртүрлі форматтарда сақтауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның қызмет шегінің кеңдігі сонша, онда сапалы түрде бірнеше әрекеттерді: сурет салу және түзету, заманауи жабдықта басып шығару, электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы жіберуді орындауға болады. Пайдаланушылар мөлдірлік пен бояуды басқаруға арналған параметрлерді өздігінен реттей алады. Сондай – ақ қосымшаның кітапханасында бірегей қаріптерді, құжат-үлгілерді, суреттерді және басқа да элементтерді тауып алуға болады (2.1, а-сурет).

2.1, а-сурет. CorelDRAW редакторының интерфейсі
Adobe Illustrator – басып шығару және ғаламторда жариялау мақсатында жоғары сапалы кескіндерді жасауға жеткілікті мүмкіндік беретін және иллюстраторлар мен дизайнерлерге арналған бағдарлама.
Adobe Photoshop – бұл көпфункционалды графикалық редактор, растрлық бейнелерді түзетудің мықты құралы. Бағдарлама полиграфиялық мақсаттағы кескіндер редакторы ретінде әзірленген, бірақ ол веб-дизайнда да кеңінен қолданылады. Adobe Systems компаниясының басқа бағдарламалары (Adobe ImageReady, Adobe Illustrator, Adobe Premiere, Adobe After Effects және Adobe Encore DVD) сияқты Photoshop кәсіби DVD, арнайы эффектілерді (фондар, текстуралар) жасау үшін, теледидарда, кинематографияда және ғаламторда ақпарат алмасуда қолданылады. Photoshop сондай-ақ компьютерлік ойындарды жасау да пайдаланылады.
GIMP (GNU Image Manipulation Program) – векторлық графиканы ішінара қолдайтын растрлық графикалық редактор. GIMP бағдарламасының көмегімен графикалық файлдарды, фотосуреттерді, логотиптерді және суреттерді жасап, өңдеуге болады. Бағдарлама сурет өлшемін өзгертуге, түсін өңдеуге, бірнеше фотосуреттердібір суретте біріктіріп көрсетуге, суреттің немесе фотосуреттің ашықтығын, кереғарлығын және түс тепе-теңдігін реттеуге мүмкіндік береді. GIMP бағдарламасында толыққанды суреттер жасауға арналған қарындайтар, қылқаламдар, мөртабандар және т.б. құралдар бар. Түрлендіру құралдарының көмегімен нысанды бұруға, масштабтау арқылы оның өлшемдерін өзгертуге, анимация жасауға болады (2.1. ә-сурет).

2.1, ә-сурет. GIMP редакторының интерфейсі
2D кескіндерді жасау мүмкіндіктері есептеу-графикалық сипаттағы бағдарламаларда да қолданылады. Мұндай бағдарламалар өнеркәсіптің түрлі салаларында өндірістік мақсаттарда пайдаланылады және олар АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйесі) бағдарламаларына жатады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесі жобалау үдерісін автоматтандыруға арналған және техникалық, бағдарламалық, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық қамтамасыз етуден тұратын ұйымдастырылған техникалық жүйе болып табылады.
Ағылшын тілді жүйелерде CAD аббревиатурасы (Computer-Aided Desing) қолданылады, бұл жобалауда және инженерлік қызметте компьютерлік технологияларды пайдалану дегенді білдіреді. CAD бағдарламаларына Altium Designer, ArchiCAD, AutoCAD, CorelCAD, nanoCAD, SolidWorks, TurboCAD, KOMПAC-3D, Julivi және жатады.
KOMПAC-3D – бұйымдардың сызбаларын, схемаларды, сипаттізімдерді, кестелерді, нұсқаларды, есептеу-түсіндірме жазбаларды, техникалық шарттарды, мәтіндік және басқа да құжаттарды орындауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жобалау жүйесі. KOMПAC-3D бағдарламасы DXF,DWG, IGES ЖӘНЕ т.б. форматтарды қолдайды. Жүйе КҚБЖ-нің (Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі) ГОСТ стандарттарына сәйкес дайындалған және Қазақстанның өнеркәсіп, құрылыс, экономиканың басқа да салаларының өндірістікталаптарына толығымен бейімдендірілген. KOMПAC-3Dграфикалық редакторында жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастырайық, ол үшін бағдарламының интерфейсімен, қарапайым геометриялық элементтерді іске қосу және салу алгоритмдерімен танысайық.
Оқытушы Аникенова Н.Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет