Сабақ типтері: жаңа ұғым беру, білімді кеңейту және дамыту; білімді жүйелеу сабақтары. Оларды ұйымдастыру әдістері. Сабақтың әр типтеріне өз еріктеріңізбен тақырып таңдап, әртүрлі жас топтарына арнап



Дата19.05.2023
өлшемі26,33 Kb.
#95396
түріСабақ
Байланысты:
табиғатпен таныстыру13


Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесі
Тапсырма 13

  1. Сабақ типтері: жаңа ұғым беру, білімді кеңейту және дамыту; білімді жүйелеу сабақтары. Оларды ұйымдастыру әдістері. Сабақтың әр типтеріне өз еріктеріңізбен тақырып таңдап, әртүрлі жас топтарына арнап (екінші сәбилер тобы, орта топ, ересек топ, мектепалды даярлық топтары) ұйымдастырыған оқу әрекетін құрастыру. 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Білімнің бастауы – балабақшада.
Мақсаты:1 Қыркүйек – білім күні мерекесінің мағынасын түсіндіру, сезіндіру. Мәнерлеп
оқуын дамыту, сөздік қорын байыту. Мерекелік көңіл күй сыйлау.
Көрнекілікте, қажетті құралдар: Білім күніне арналған слайдтар , жұмыс
дәптері , қарандаш, ойынға арналған қоржын.
Шаттық шеңбері:
Күнім күліп арайлы,
Тереземнен қарайды.
Маған « жылдам бол » дейді,
« Оқуыңа » бар дейді.
Қайырлы таң апайлар,
Мейірімді жарандар.
Біз бастаймыз оқуды,
Бақылаңдар қараңдар!
I - Кіріспе бөлім:
-Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіміз ерекше болмақ. Өйткені , біз бүгінгі оқу іс – әрекетінде
білім күнін атап өтпекпіз. Жаз өтті. Сендер бір жасқа есейдіңдер,
бүгін күздің алғашқы күні. Яғни , 1 Қыркүйек – Білім күні.
Бір жылдан кейін балар, сендер мектепке барасыңдар, қолға қалам ұстап,
әліппені ашасыңдар.
( Дәл осы кезде қатты жылаған дауыс шығады)
Дымбілмес кіреді.
Дымбілмес: Мені мектепке алмады. Мұғалім « әлі кішкентайсың » -деді. Ал мен мектепке
барғым келеді.
Тәрбиеші: Ренжіме, дымбілмес. Біз сені өзіміздің ересек « Балдырған » атты тобымызға
аламыз, біздермен бірге білім алып, келесі жылы балармен бірге мектепке баратын боласың.
( Балалармен бірге отыра ғой, олардың өнерін, білімін тамашала)
Тәрбиеші: Мектептегі оқушыларды сабақ күтіп тұрса, біздерді балабақшада
түрлі ойын – сауықпен қызықты оқу іс – әрекеттер күтіп тұр. Біз әлі бір жыл
бойы білім алатын боламыз.
Ал енді, балалар, біз орта тобындағы оқу іс – әрекеттерінде үйренген, білгендерімізді есімізге түсірейік.
Тәрбиеші: Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы біздің балабақша қалай аталады?
Балалар: №3 « Ер Төстік » балабақшасы деп.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздерің Қазақстан Республикасы жайлы барлығын білдіңдер.
II – Негізгі бөлім:
Ал, енді мына суреттерге қараңдар.
Бұл ненің суреті? ( қоңырау )
Балалар қайда бара жатыр?( мектепке )
Балаларды мектепке барғанда кім күтіп алады ? ( мұғалім)
Мұғалім не істейді? ( оқытады)
Дұрыс айтасыңдар. Осы тұңғыш қоңыраудан бастап, күнделікті оқу басталады. Балалар
жақсы, білімді,тәрбиелі азамат болу үшін ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу
керексіңдер.
Ендеше, біз бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарымызды айтып, оқу іс –
әрекетін жалғастырайық.
Тақпақтар:
Сергіту сәтін орындау:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
III –Қорытынды бөлім:
Балалар бүгін қандай мереке? ( Білім күні).
Бізге қонаққа кім келді? ( Дымбілмес келді).
Білімді болу үшін не істеу керек? ( көп оқып, іздену керек).
Дымбілмес: балалар мерекелерің тағы да құтты болсын.Сендерден көп нәрсе үйрендім.
Рақмет, сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, мерекелерің құтты болсын! Келесі жылға дейін білім
қоржынын жинақтап, әлі талай белестерді алатынымыз сөзсіз.
Венера: Оқысаңыз балалар, Алихан: Қыркүйектің ақ таңы,
Шамнан шырақ жағылар. Атып келе жатты әні.
Тілегенің алдыңнан , Ұзтаздар мен шәкірттің,
Іздемей – ақ табылар. Қауышатын шақтары.
Ақерке: Жаңа оқу жылы жемісті, Арай: Ішінде бір кеменің,
Мерейі үстем жыл бролсын. Өткізетін белеңін
Шәкірттеріміз жемісті, Дәл бүгіннен басталар,
Елім дер ұл мен қыз болсын. Іздеу білім тереңнен.
Нұрым: Жаңа оқу жылы құт болып, Сырым: Жүздерінде – қуаныш,
Ізгілік оты жағылсын. Жүздерінде – жұбаныш.
Бөбек пен түлек жұп болып, Келе жатқан шәкірттің,
Алғашқы қоңырау қағылсын. Барар жері « тым алыс» .
Райымбек: Өмірдің бебіт бағы гүл , Абзал:Таудай болып талабы,
Асудан асып асқарлы. Үрекетемей жанары.
Мінекей биыл тағы бір, Шәкірт енсін мектепке,
Жаңа оқу жылы басталды. Құтты болып қадамы.
Таңірберген: Егемен елдің төсінде, Райым: Қалықтайды құс аппақ
Шуағын шашсын арай күн. Бала жүр гүл құшақтап.
Азамат болып өсіңдер, Алғаш келген шәкіртті,
Қызыға жұрттар қарайтын. . Мектеп жатыр құшаққа ап.
Самат: Отанның біз ұл – қыз, Мадина:Қанатым талмайды,
Халықтың біз жұлдызы. Қиялым самғайды.
Оқимыз ақын – жырларын, Ақын да, ғалым да,
Оқимыз еңбек сырларын. Ұстазсыз болмайды.
Мереке күніңмен,
Құттықтап бүгін мен.
Ойыма ой қосам, Сен берген біліммен



  1. Ұйымдастырылған оқу әрекетінің дамытушылық мақсаты, білімдік және тәрбиелік мақсаты дегеніміз не және бір-бірінен ерекшелігі қандай? 

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады );
жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған,атауы-беланкастер жүйесі);
Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);
Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән);
Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.
Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).
Дамытушылық оқыту теориясы К.Д. Ушинскийдің және т. б. еңбектерінен бастау алады, бұл теорияның ғылыми негіздемесі л. с. Выготскийдің еңбектерінде келтірілген. Ол Л.в. Занковтың, д. Б. Элькониннің, В. В. Давыдовтың және басқалардың эксперименттік жұмыстарында одан әрі дамыды, олардың тұжырымдамаларында оқыту мен Даму бір процестің диалектикалық өзара байланысты аспектілерінің жүйесі ретінде пайда болады. Дамытушылық оқыту тұжырымдамасы. Дамыта оқыту мәселесі көптеген ұрпақтардың мұғалімдерін қызықтырады. Кеңес заманында оны психологтар мен мұғалімдер Л.С. Выготский, Л. в. Занков, В. В. Давыдов, д. Б. Эльконин және т. б., әрине, әр түрлі тарихи уақытта зерттеушілер дамып келе жатқан оқыту ұғымын әр түрлі ұсынады және түсіндіреді.  "Дамытушылық оқыту"термині В. В. Давыдовқа байланысты. Құбылыстардың шектеулі шеңберін белгілеу үшін енгізілген ол көп ұзамай жаппай педагогикалық тәжірибеге енді. Бүгінгі таңда оны қолдану соншалықты әр түрлі, сондықтан оның қазіргі мағынасын түсіну үшін арнайы зерттеу қажет.
Дамытушылық оқыту даму заңдылықтарын ескереді және қолданады, адамның деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделеді.

3. Жаңа үлгілік оқу бағдарламасы бойынша, балалардың білім деңгейіне, бағдарламалық талапқа, қоршаған табиғат ерекшелігіне қарай сабақта қандай ерекше жаңа әдістерді таңдап, пайдалануға болады? Кем дегенде жаңа 5 әдіс жазып, толық сипаттама беріңіз.


Бірінші әдіс: Мақсаты: жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау
Қажетті ресурстар: жыл мезгілдері бейнеленген суреттер
Өткізілу барысы: оқушылардың негізгі дереккөз ретінде берілген суреттерді сипаттау барысында ауызша тілдері дамиды, ойын толық жеткізуге дағдыланады. Жыл мезгілдерінің басты ерекшеліктеріне байланысты демалыс ұйымдастыру жолдарын ұсынады.
Әр жыл мезгіліне сәйкес балалардың демалысы бейнеленген суреттер беріледі. Сол суреттерді пайдаланып, жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақыттарын қалай өткізетіндігі туралы әңгімелейді. Әр мезгілге қажетті заттар, қауіпсіздік шаралары ескерілуі қажет.
Екінші әдіс: Мақсаты: нысандардың кеңістікте бір біріне қатысты орнын анықтау.
Қажетті ресурстар: Қазақстанның физикалық картасы
Өткізілу барысы: балаларға Қазақстанның физикалық картасы көрсетіледі. Географиялық нысандар атап, картадан көрсету үшін тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма: Қазақстандағы өзен-көлдерді тауып, көрсет.
2-тапсырма: картадан көрші мемлекеттерді тауып көрсет.
Үшінші әдіс: Мақсаты: ауа райының адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне оң және теріс әсерін талдау.
Қажетті ресурстар: мәтін, үлгі кестелер, суреттер.
Өткізілу барысы: мәтінмен жұмыс істеу барысында бір бірінің ойын тыңдайды, шығармашылық қабілеттері дамиды.

  1. Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекеттеріне тигізетін әсері туралы барлық оқушылар ой бөліседі.

  2. Сыныпта пікірталас жүреді.

  3. «Сөйлейтін постер» әдісі бойынша, топтарға тақырыпқа қатысты шағын мәтіндер таратылады.

  4. Оқушылар топта оқып, шағын зерттеулер жүргізеді.

  5. Әр топ өз міндеттері бойынша постер құрады.

  6. Постерлерді өз қабырғаларына іледі.

  7. Әр топ келесі топқа барып, мәліметтермен танысады.

  8. Орындарына қайта оралып, алған мәліметтермен бөліседі.

Төртінші әдіс: Мақсаты: нысандардың кеңістікте бір біріне қатысты орнын анықтау.
Қажетті ресурстар: Қазақстанның физикалық картасы
Өткізілу барысы: балаларға Қазақстанның физикалық картасы көрсетіледі. Географиялық нысандар атап, картадан көрсету үшін тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма: Қазақстандағы өзен-көлдерді тауып, көрсет.
2-тапсырма: картадан көрші мемлекеттерді тауып көрсет.
Бесінші әдіс: Мақсаты: тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау.
Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, компьютер, тұсбағдар, парақтар, маркер, қарындаштар.
Өткізілу барысы: тапсырмаларды орындау барысында шағын зерттеулер жүргізуге дағдыланады, бірлесіп ортақ шешім қабылдауға үйренеді, өз пікірлерін нақты деректермен дәлелдермен айту дағдылары қалыптасады.

  1. Оқушыларға тапсырма беріледі.

  2. Тапсырма сызбалары интерактивті тақтаға немесе алдарындағы компьютерде шығып тұруы тиіс.

  3. Оқушылар жорықшы туристке қалай көмектесетіні жайында ақылдасады.

  4. Бірігіп сызба-нұсқасын дайындайды.

  5. Тұсбағдарды пайдаланып, өз пікірлерін дәлелдейді.

4. Қоршаған орта және экология ұйымдастырылған оқу әрекетінде әртүрлі тәсілдерді: сұрақ, тапсырма, салыстыру, зерттеп қарау, еңбек әрекеті, мақал-мәтел пайдалану арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту жолдары.


Тақырыбы: Бізді қоршаған орта
Мақсаты:
Білімділік: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатта болатын құбылыстарды танып, терең, сезіне білуге тәрбиелеу. Математикалық ұғымдарын арттыру
Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау іс - әрекетін дамытып, жан - жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін есте сақтау қабілетін дамыту. Тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Балаларға табиғаттың төрт құдіретінің ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаны қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, жұмбақ жасыру, көмек беру
Көрнекілігі: Бейне таспа, үлгі материалдар
Керекті – құралдар: қайшы, ақ қағаз, дидактикалық ойындар, сиқырлы қорапша, төрт түрлі геометриялық пішіндер
Ә/к Тәрбиешінің іс - әрекеті
М/Қ Таңғы жиын
Шеңбер болып тұрайық.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып терезеге қарасақ нені көреміз?
- Егер күн шашып тұрса қалай қуанамыз?
- Алақай, қол шапалақтау.
Олай болса, бүгінгі күнге, табиғатқа жылы лебізімізді білдірейік.
Армысың ардақты Аспан ата!
Армысың мейірімді Жер ана!
Армысың шұғылалы Алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.
І/ұ
Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы:
«Бізді қоршаған орта»
Психологиялық сәт: (музыка қою)
Орындықта отырып «Бізді қоршаған ортаға» саяхат жасаймыз.
Тәрбиеші сөзі:
Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Құстардың даусы, гүлдер жайнап өсіп тұр. Өзен - көлдер сылдырлап ағып жатыр, Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз.
Алдымыздан алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.
Раушан гүліне кездесеміз.
- Балалар,
бұлақ дегеніміз - денсаулық
Алма - рухани байлық,
Гүл - бақыт құсын сыйлайды.
Міне, мұның барлығы бізді қоршаған орта, яғни әсем де сұлу табиғат.
Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.
- Сонымен табиғатқа не жатады екен?
- Адамдар, гүлдер, құстар, ағаштар, күн, жануарлар, биік таулар, өзен - көлдер
- Өте дұрыс, жарайсыңдар!
Таңғажайып сәт:
Есік қағылып, хат тасушы келеді. Қолында сиқырлы үлкен қорапшаны тапсырып
кетеді.
(Әсемделген кардон қорапша)
«Сиқырлы қорапша» қараңдаршы.
Балалар, қандай әдемі қорапша! Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан
жіберіпті. Ішінде бізге ойын - тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы
орындасақ, сыйлығы да бар екен.
1) ойын: Сиқырлы пішіндердің түстерін атап айт, және бұл түстер қандай жыл мезгілдерін білдіреді? Қандай геометриялық пішіндер?
(Көк, жасыл, сары, қызыл)
1 бала: Көк түс, төртбұрыш пішіні, қыс мезгілі
2 бала: Жасыл түс, үшбұрыш пішіні, көктем мезгілі
3 бала: Сары түс,
Тік төрт бұрыш пішіні, күз мегілі
4 бала: Қызыл түсті, домалақ пішінді, жаз мезгілі
2) ойын: Әр жыл мезгіліне байланысты табиғат құбылыстарын ата
1 бала: Көк түс - қыс мезгілі
Қыс - суық, қар жауады, аяз болады. Қыста үш ай бар.
Желтоқсан Қаңтар Ақпан
2 бала: Жасыл түс - көктем мезгілі
Көктем - күн жылынады, жаңбыр жауады, күн күркіреп кемпірқосақ шығады,
қар еріп сулар сай - салаға ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар гүлдейді
Наурыз, Сәуір, Мамыр

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет