Сценарийі 2023 «Тәуелсіз елдің көшбасшысы»



бет1/10
Дата21.12.2023
өлшемі41,77 Kb.
#141953
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Тәуелсіз елдің көшбасшысы»
атты зияткерлік сайысының сценарийі

2023
«Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты зияткерлік сайысының сценарийі



Ән орындалады:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқытушылар және студенттер! Егемен елдің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты зияткерлік сайысына қош келіпсіздер.


2-жүргізуші: Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке. Ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан – қасиетті де қастерлі күн.


1-жүргізуші: Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Ел болашағы – жастардың қолында болса, оларды өз елінің патриоты, саналы тұлға етіп тәрбиелейтін мамандар – ұстаздар, педагогикалық оқу орындарының студенттері мен түлектері, яғни – біздер! Біздің алға қойған мақсатымыз тәуелсіздік жалауын ары қарай да асқақ биікке көтеріп, айбынымызды жаһанға таныту болмақ.
2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі білім додасына төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1) Каримова Анар Еркенқызы – ГҒЖМ-ның деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор


2) Абдрахманов Бауыржан Нариманұлы - Тарих білім беру бағдарламасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор


3) Айткенов Зият Шайманович - тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет