Сабақтың тақырыбы: Шырпымен шығарылатын есептер
Мерзімі: Сыныптар: 5-6
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа, жинақылыққа, пікір айта білуге баулу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату.
Оқушылар өздерін жақсы қасиеттерін атай отырып, таныстырады.
Топқа бөлу: 1,2 ретімен санау арқылы
1 – топ : «Алғырлар»
2 – топ: « Тапқырлар»
- Механикалық сағат циферблатынды қандай цифр 6 санына керісінше орналаскан? (1 балл)
- Екі қарама – қарсы санның қосындысы 12 – ге тең. Сандарды ата. (1 балл)
- Қанша айда 28 күн бар? (1 балл)
- Жарты алма неге ұқсайды? (1 балл)
2. Негізгі бөлім. Шырпымен шығарылатын есептер (әр тапсырма - 3 ұпай)
1. Тура теңдікке арналған тапсырма. Берілген шырпы таяқшаларынан тек 1 ғана таяқшаның орнын ауыстыру арқылы тура теңдік орындалатындай өзгерту қажет. (амалдарды, сандарды өзгетуге болады)
Жауабы:
1) 8 санын 9 санына озгерту арқылы 1 шырпыны 0 санына апарып, 8 – ге озгертуге болады.
2) 4 санын 11 санына озгерту арқылы теңдік тура болады.
2. «Балықты айналдыру» тапсырмасы. 3 шырпыны өзгертіп орналастыру арқылы балықтың бағытын керісінше өзгерту қажет. Яғни, балық 180 градусқа кері айналуы керек.
Жауабы: Төмен жағында орналасқан 3 шырпыны жоғары жағына орналастыру арқылы(Суретте анығырақ көрсетілген)
«Кілттерді жинау» тапсырмасы. Бұл тапсырмада 10 шарпыдан кілт бейнесі құрастырылған. 4 шырпының орнын ауыстыру арқылы 3 шаршы құрастыр.
Жауабы: сол жақта орналасқан шаршыны бұзып оң жақтағы шаршыға жалғап орналастырғанда, 3 шаршы шығады.
Сергіту сәті. «Шимайды шеш»
«Икс – ноль кестесі» тапсырмасы. 3 шырпыны 3 шаршы шығатындай алмастырып орналастыру қажет.
Жауабы:
«Оннан бес» тапсырмасы. Шарты: Алдарыңызда 24 шырпыдан құралған 9 кішкене шаршылар көрсетілген. 8 шырпыны алып тастау арқылы 2 шаршы ғана қалатындай орналастыру қажет.
Жауабы:
2)
«Жалғыз үшбұрыш» тапсырмасы. 2 шырпыны қозғау арқылы 9 үшбұрыштың орнына 1 үшбұрыш қалдыру қажет.
Жауабы:
Қорытынды.
Әр топ ұпайлары есептеледі. Жеңімпаз топ анықталады.
Шырпымен шығарылатын есептер оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуға үлкен септігін тигізеді. Осы тақырыпқа байланысты 2 топ бір – біріне кері байланыс беріп кетеді.
Рефлексия. Оқушылар сабаққа «Бас бармақ» әдісі бойынша баға беріп жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |