Сабақта айтылған схеманы қолданып, ӨЗІҢіздің Қазіргі табыс табу деңгейіңізді анықТАҢыз қазірше 0 тг



Дата28.02.2022
өлшемі24,78 Kb.
#26584
түріСабақ
Байланысты:
соңғы күн^J инста админ^J Төребекова Айнұр


Жұмыс файлы

«Инста Админ» курсының үй тапсырмаларын осы жерде орындайсыз



Аты-жөніңіз:

Төребекова Айнұр

Аккаунтыңыз:

@ainura_tore

Нишаңыз:

Саяхат/онлайн кәсіп

7-сабақ бойынша тапсырмалар

САБАҚТА АЙТЫЛҒАН СХЕМАНЫ ҚОЛДАНЫП, ӨЗІҢІЗДІҢ ҚАЗІРГІ ТАБЫС ТАБУ ДЕҢГЕЙІҢІЗДІ АНЫҚТАҢЫЗ

Қазірше 0 тг.

Миыммен миллионға жуықтатып қойдым)

Схема керемет!


КЕЛЕСІ ЕКІ АЙҒА НАҚТЫ МАҚСАТ ҚОЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОЛ МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН ҚАНДАЙ НАҚТЫ ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАЙТЫНЫҢЫЗДЫ ТІЗІП ЖАЗЫҢЫЗ

Жауабы:

1-мақсат: Парақшаларымды ретке келтіру
Әрекеттер:

- 2 айға контент-жоспар жасап, мақсат қою;

- соңғы 12 пост реттеп салу, толықтырып,рубникалар енгізу, түрлендіріп отыру;

- визуал т.б ( жылдам қосымшалармен жұмысты үйрену)

- кемінде 12 рилс түсіру

- күнделікті сторис түсіру 15-30

- сабақтарды қайта қарап шығу, конспектіні толықтыру;

- өз парақшамда алған білімімді максимально қолдану (парақшам тәжірибе алаңы)

- білмейтін тұстарымды интернеттен қарап толықтыру;

- монетизациялау күн тәртібінде !!!!
2-мақсат: Инфобизнес саласын меңгеру
Әрекеттер:

  • Қызметімді жарнамалау

Жарнаманың түр-түрін қолдану.

  • Кемінде 3 клиент табу

  • Телеграм чат ашып, кейс жинау

  • Ютубта орыс тілінде копирайтинг туралы ақпарат көп екен, ерінбей аударып, толықтырып канал бастау, выйти в свет бір сөзбен айтқанда.

  • Команда жинау

  • Бәсекелестерді зерттеу, білімді әрі қарай жалғастыру

  • Даму стратегиясын жасау, өзімді упаковкалау




КҮНІНЕ МИНИМУМ 15 СТОРИЗ ТҮСІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗ.


🤩 жұлдыз боп жарқыраймын)) бұл мәселе алдағы күн еншісіне қалды.

.

Бүгін қандай 5 жақсы істі дәптеріңізге жазып қойдыңыз?

Дәптер арнадым. Енді күнімді қорытып жазып қоям. Бүгін миымда “сабақты қорыту, алдағы күнге жоспар, даму, болашақтағы өзімді елестету” болды. Қалған нәрсені автоматом жасадым. Бүгін қолмен не жасағаным маңызды болмады.


ОСЫ 7-САБАҚТАН ҚАНДАЙ ИНСАЙТТАР АЛДЫҢЫЗ? ҚЫСҚАША

Жауабы:

1. 0тг -5млнға апарар жол!

2. Өз темпіңмен жүру. Өзіңді өзгемен салыстырма!

3. Фокус! Кейс! Нәтиже!

4. Аккаунт монетизациясы

5. Эксперт кім?

6. Диджитал қызметтер жасай алу маңыздылығы

7. Мен кез-келген салаға кіріп кете аламын!

8. Мен үнемі трендтемін, ешқашан ескірмеймін, мұны автоматтандыру мүмкін емес екенін түсіндім.

9. Қымбат админ


Аты-жөніңіз (иә, тағы 1 рет жазу керек):

Төребекова Айнұр Жақсылыққызы, Жезқазған қаласы, 44 жас.

«ИНСТА АДМИН» КУРСЫНА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАҢЫЗ.

ТОЛЫҚ.


Қорытынды:
Бұл курс - ғаламтор “ғажайыптарына” жол ашты, осыларды қалай үйренсем екен деген сұраныстарымды толық қанағаттандырды, жаңа мамандықтың қыр-сырларын үйретті. Осы курс жарты адамнан (әр істің басын бір шұқып жүрген адам), толық адамға айнала алатыныма сенім ұялатты. Бір ғана әттеген-айым бар: ертерек бастауым керек еді.
Спикерлер, кураторлар, админдерге айтарым: Қазағымның қайсар, білімді қара көз қыздары, Сіздерге мың алғыс! Өсіп-өркендей беріңіздер! Еңбектеріңізді жоғары бағаладым, сондықтан да сылтау іздемей, лайықты студент болуға тырыстым. Жалқауды да орнынан атып тұрғызу қолдарыңыздан келеді екен. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамын.
Қазақ қоғамының ғаламторды сауатты игеруіне, қазақ бизнесі өрісінің кеңеюіне, дамуына, жеке брендті қалыптастыруда қосар үлестеріңіз мол болсын! Бір кездері қазақ зиялылары қынадай қырылып еді, 100 жыл өткенде орнын толтырып 100 мың жасампаз жан қайта түлесін! Бұл игі істеріңіз ізсіз қалмайды. Жанам деген жүрекке от беріп лапылдатып жүре беріңіздер! Так держать!
Өзіме осы курста қояр бағам:

6 из 10, бұдан да жақсы көрсеткіш жасауға болушы едіііі
Курс кезінде жеткен мини жетістігім:

Өмір сәттерден тұрады. Әр сәтті бағалап, әр жетістігіме қуану. Әркімнің өз темпі бар. Ақырын жүріп анық басу.

Әр сөзіме, әр іс-әрекетіме, әр күніме есеп беру. Жоспарлау, мақсат қою, жету. Жауапкершілік, тиянақтылық, табандылық, шынайылық, еңбекқорлық. Қызыл сөзбен қиял қуа бермей – ӘРЕКЕТТЕНУ керегін тағы да ұқтым.

Курс кезінде жеткен ең үлкен жеңісім:

Наконец-то, не істеу керегін, қалай бастап, қалай жұмыс жүргізу керегін түсіндім. Курсқа келген замандастарым ұйымшыл болып, бір-біріне қолдау білдірсе, онда шығармашыл орта қалыптасып өсе түсетінімізге кәміл сеніп, қуанушы едім.
Қосымша:

Маған жаңа білімім – жаңа өмір бастамасы сияқты әсер етуде. Құтты болсын! Мен өсу жолыммен сіздермен бөлісіп отыруға уәде берем. Миымның қарсылығына, жасыма, әлеуметтік статусыма (жена- домохозяйка) қарамай әрекет етем.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет