Пән:Сауат ашу
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 1
|
Қатысқандарсаны:
Қатыспағандарсаны:
|
Сабақтақырыбы
|
Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
|
Сабақмақсаттары
|
Барлық оқушылар:А а дыбысы мен әрпін таниды және ажыратады.
Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Көптеген оқушылар: Берілген әріппен сөздер құрайды және дыбыстық талдау жасайды. Жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды.
Кейбір оқушылар: Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.
|
Бағалаукритерийлері
|
|
Тілдікмақсаттар
|
|
Құндылықтардыдарыту
|
Ынтымақтастық
Құрмет
Өмір бойы білім алу
|
Пәнаралық байланыстар
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар мектептің бір күнін сипаттау үшін және айтып беру үшін мектеп туралы әңгімелермен, балаларға арналған өлеңдермен және сөздермен таныс болуы керек.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал.
Көршіңді оң жақта құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір қара,
Сол жақтағы көршіңе бір қара.
Бүгін сабақтың барысы,
Біз үлкен отбасы.
Бүгінгі көңіл-күйді сұрау басбармақ арқылы
Өткен сабақты қайталау
«А дыбысы мен әрпі»
Кері байланыс:
«Сұрақ-жауап» тәсілі
Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбысты біз айтамыз,естиміз
Әріп дегеніміз не?
-Әріпті біз жазамыз,көреміз
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге
-Дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс
Дауысты дыбыстарды қандай дөңгелекшемен белгілейміз?
-Қызыл
-Дауыссыз дыбыстарды ше?
-Көк
-Буын дегеніміз не?
-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.
-А дыбысы қандай дыбыс?
-Дауысты дыбыс
|
|
Сабақтың ортасы
Саралау
Сергіту сәті:
Сабақтың соңы
Рефлексия.
|
«А» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
А әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:
Жоғарыдан -оң жаққа қарай имектелген көлбеу
- сол жаққа қарай имектелген көлбеу
белін қысқа сызықпен сызамыз – бұл бас әріп.
Толық құрсау дөңгелектенген және имектелген көлбеу сол жаққа қарай(а)-бұл кіші әріп.
А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.
Ауада жазу, тақтаға жазу.
Тапсырма №1
(Ж)«Суретпен жұмыс» тәсілі
Суреттегі заттар ата.
Алма,айран,асық,кітап,арқан,нан
Осы сөздерде а әрпі қай жерде тұр?
-Ендеше өзіміз осыған байланысты мысал келтіре аламыз ба?
Бағалау: «Шапалақ» тәсілі
6 сөздегі «А» әрпінің орнын дұрыс тапса 3 шапалақ.
5-4 сөздегі «А» әрпін дұрыс тапса 2 шапалақ
3-2 сөздегі «А» әрпін дұрыс тапса 1шапалақ
Тапсырма №2.
(Ж)Бұл заттардың қайсысын асханадан көресің?
Алма,айран,нан
Бағалау: «Жұдырық» тәсілі
Асханада көретін тағамдарды дұрыс тапса жұдырық толық ашылады.
Қате болса жартысы ашылады.
Тапсырма 3
(Ж)Дәптермен жұмыс
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз. «А,а» әрпі
Бағалау: «Мадақтау»
- Балалар А дыбысынан келетін біздің сыныпта ұл-қыздар бар ма?
-Айдана,Айдос,Аяулым
Музыкалық видео ролик
Тапсырма 4
(Ж)«Құрастыру»тәсілі
Бағалау критерий:
Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша сөздер мен сөйлемдер құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы:
-1 сызбаға сәйкес сөздер айтады;
- 2-3 сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып, оқиды.
-3-4сызбаға сәйкес сөйлем құрайды.
Бағалау: «Жапондық» тәсіл
-дұрыс келісемін
-толықтырамын, басқа көзқарасым бар.
Тапсырма №5
(ЖЖ)«Жазу» тәсілі
1-тапсырма Суреттердің атауын жаз.
Дескриптор:
Білім алушы - әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;
- жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды;
- сөздерді сауатты әрі көркем жазады.
Бағалау: «Графикалық» тәсіл +,-
Суреттің атауын толық жазса «+»
Суреттің атауын жазғанда қате жіберсе «-»
Сабақты қорытынды
«Ойда аяқта» тәсілі
-Бүгін мен не білдім?
-Мен не үйрендім?
-Нені білгім келеді?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |