Сабақтаса байланысады. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді



Дата06.01.2022
өлшемі79,96 Kb.
#16688
түріСабақ

СИНТАКСИС
Синтаксис (грек. «құрастыру, біріктіру, рет») - сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы.
Сөз тіркесі


Сөз тіркесі - кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

Сөз тіркесінің айрықша белгілері:
1.Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.

  1. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына

(сабақтаса) байланысады.

  1. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы сөз деп аталады:

  1. Бағыныңқы сөз - тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз. (әдемі киіну)

  2. Басыңқы сөз - сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз. (үш бала)


Сөз тіркестерінен сөйлем жасалады:



99- тапсырма. Төмендегі сөздерді осы жазылған тәртібімен оқымай, шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысаңыздар, ой-пікір туралы айтылған

Сілтемемен өтіңіз!



https://www.youtube.com/watch?v=qANwFQqf4X8&ab_channel=UsefulRussianwithChris

халық мақалы шығады.



  1. тапсырма. Оқып шығып, әр сөйлемдегі сөз тіркесін тауып, талдап көрсетіңіздер. Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді бөлек-бөлек жазыңыздар.

Ғұлама ғалым ғибраты

Қ.И.Сәтбаев - қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі бай рухани мұраға зор ілтипатпен қарап, айрықша көңіл бөлген ғалым. Әсіресе қазақтың батырлық жырының жарияланып, зерттелуіне елеулі үлес қосқанын біз әр уақытта да естен шығармауға тиіспіз. Ғалым 1927 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО халықтары баспасынан «Ер Едіге» атты кітап шығарды. Қаныш Имантайұлы даярлаған бұл кітаап Едіге жырының Шоқан Уәлиханов пен профессор П.М.Мелиоранский жариялаған нұсқасы болатын. Жырдың 1905 жылы шыққан қазақша мәтінін салыстыра отырып, Қ.И.Сәтбаев үлкен текстологиялық жұмыстар жүргізді. 1905 жылы профессор П.М.Мелиоранский жариялаған

«Едіге батыр» жырының мәтінінде араб және татар сөздері аса көп еді. Ғалым жырдың мәтінін қазақ оқырманына түсініксіз араб, татар сөздерінен түгелдей тазартып, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындады. Бұл ғалымның жыр мәтінін баспа бетінде жариялар алдындағы елеулі текстологиялық еңбегі болатын.




  1. тапсырма. Жоғарыдағы берілген мәтінге ат қойыңыздар. Мәтіндегі

«тоғыз» деген сөзге назар аударып, тоғызға не кіретінін анықтаңыздар.


  1. тапсырма. Газет-журналдардан өздеріңізге ұнаған мәтінді көшіріп жазып, оны сөз тіркесінің түрлеріне қарай ажыратыңыздар.




  1. тапсырма. Сөйлемдерді сөз тіркестеріне ажыратып, көшіріп жазыңыздар.

Үлгі: еңбексіз адам; адам өмір сүре алмайды; бақытты өмір сүре алмайды;......

Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды. (А.Чехов) Өзге ештеңеден табылмас бақытты еңбектен табасың. (А.Менделеев) Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбек сүйгіш бола алады. (Д.Дидро) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. (мақал) Еңбекпен ер өседі, егізден төл өседі. (мақал) Өзін-өзі билеген ел бақытты. (мақал)


  1. тапсырма. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып,

«Ата-ана» тақырыбына шағын шығарма жазыңыздар.

Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


  1. тапсырма. Мына тізбек бойынша сөз тіркестерін жасаңыздар. Зат есім +зат есім: Септеулі зат есім +етістік: Сын есім+зат есім: Зат есім +етістік:

Сан есім+зат есім: Үстеу +етістік:

Есімдік +зат есім: Сын есім +етістік:

Есімше + зат есім: Сан есім +етістік:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет