1. Заттың сыны, көсемін, пішінін білдіретін сөздерді меңгертті. Сын есімдердің зат есім арқылы алуан түрлі белгілерін білдіретінін дәлелдеу. Сын есімнің түрлерімен таныстыру.
2. сөйлем арасынан сын есімді айыра білуге, оқушының байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Сауатты жазу дағдыларын дамыту.
Көрнекілік: сөз жазылған плакаттар, суретті кесте «Бет», «Күлімсіреу», «Көзқарас».
Сабақтың барысы: І. Тақтада «Бет», «Көзқарас», «Күлкі» сөздері жазылған.
Мұғалім: Осы сөздердің ішінен өздеріңе ұнаған бір сөзді таңдап алыңдар. Оны қағазға жазыңдар. Таңдап алған сөздеріңмен сөйлем құраңдар. Бұл сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
Енді кім қандай сөзді таңдап алғанына байланысты топқа бөлініп отырайық.
«Бет» – І қатар.
«Көзқарас» – ІІ қатар.
«Күлкі» – ІІІ қатар.
Оқушылардың алдына таңдап алған сөздеріне байланысты суретті карточка беріледі.
1 топ – Бет.
2 топ – Күлкі.
3 топ – Көзқарас.
Балалар! Алдарындағы суретке қарап, енді оған бірнеше сын есім болатын сөздер ойлаңдар. (Оқушылар қағазға қарап ойлаған сын есім есімдерін жазады). Мысалы:
Бет Күлкі Көзқарас Әдемі. 1. Көңілді. 1.Көңілді.
Сұлу. 2. Дарақы. 2.Қу.
Жалпақ. 3.Арсыз. 3.Ақылды.
Мейірімді. 4.Ыржалаң. 4.Мейірімді.
Сүйкімді. 5.Әдемі. 5.Қатал.
Ашулы. 6.Сыңғырлаған. 6.Жұмбақ
Ақылды. 7.Өтірік. 7.Түсініксіз.
ІІ. Жазған сын есім сөздеріңді бір-біріңе оқыңдар (оқушылар топ-топ болып оқиды).барлық жазған сын есіиді мына үлкен қағазға жазыңдар. Тақтаға іліңдер. Бұл сөздер сын есім екенін дәлелдеңдер. (топтан бір оқушы шығып, сөздерді оқып, ол сын есім екенін дәлелдейді).
ІІІ. Енді балалар жазған сын есімдеріңді мимикамен көрсетейік. Ал, қалғанымыз оның мағынасын түсінуге тырысайық. (1,2 оқушы тақтаға шығып көрсетеді). Мысалы: Мейірімді көзқарас, күлімсіреп қарау.
Мұғалім: – таптыңдар ма? (Оқушылар қандай көңіл-күй екенін айтады). Өте жақсы! Сендер мимикамен адамда қандай құбылыс болатынын келтіріңдер.
Сонымен, балалар, біз сын есімді сөздер арқылы адамға мінездеме бере алады екенбіз.
ІV. – Қазір сендер өздерің ең жақын адам туралы сын есімді қатыстырып, 3-4 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрап жазыңдар. Мысалы: менің ақылды досым бар. Ол өте тәрбиелі бала. Сабақты жақсы оқиды. Кітап оқығанды ұнатады. Оның түрі сүйкімді. Оның әдемі көйлегі бар, түрі қызыл. Досым үнемі таза жүреді.
Мұғалім: – Өте жақсы. Енді тақтаға назар аударайық.
V. Берілген сын есімге мағынасы жағынан қарама-қарсы сын есімді ойлайық.
Ақ – қара. Жақсы – жаман.
Кең – тар. Биік – аласа.
Араз – тату. Терең – таяз.
Өте жақсы. Ал, енді мына сөздерді толық жазғанда сын есім сөздер шығатын болсын.
Өте жақсы. Енді бір зат есімге бірнеше сын есім ойлап көрелік.
1.әдемі
Тақия 2.үлкен
3.дөңгелек
Керісінше, бір сын есімге бірнеше зат есім ойлайық.
1.адам
2.әңгіме
Қызық 3.оқиға
4.жағдай
5.қиыс
VІ. Өте жақсы, енді оқулықты ашып, 372 жаттығуды орындайық. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып жазу.
Жылы бәтеңке, қалың тон, терең сай, ащы айран, тәтті шие, кең көше.
VІІ. Сонымен бұл сабақта өздеріңе не ұнады? Сабақ қызықты болып өтті ме? (Оқушылар өздері қорытынды жасайды). Мысалы: мимикалық көрсету, әңгіме жазу, кестемен жұмыс түрі, жаттығу жұмысы.Өте жақсы! Бүгін сабақта барлығыңа да өте жақсы қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Ендеше барлығына да өте жақсы деген баға қоямын. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!