Сабақтың барысы: Мұғалім



Дата10.01.2023
өлшемі19,91 Kb.
#60769
түріСабақ
Байланысты:
кіл жүйріктен, кім жүйрік


Тақырыбы : «Кіл жүйріктен, кім жүйрік»
Мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөз қорларын байыту.

  • Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру.

Түрі: зияткерлік сайыс
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Илюстрациялар, Акт
Сабақтың барысы:
Мұғалім : Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! «Кіл жүйріктен, кім жүйрік» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз білімімен, ақыл ойымен, тапқырлығымен ерекшеленген 5 «а,б» сыныптарының білімді де білікті жүйрік оқушылары.
Ойынға екі топ қатысады.Сонымен, «Білім – білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» — деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойынымызды бастайық.
Ойын шарты 4 кезеңнен тұрады.
1- кезең ОЙЛАН ТАП
2- кезең СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
3-кезең КІМ ЖҮЙРІК
4- кезең ҰШҚЫР ОЙ



  1. кезең ОЙЛАН ТАП Әр жауап 1 –балмен есептеледі

  1. топ. 2 топ

1.Жер беті күрт суыды Жауабы: 100 мың жыл бұрын
2. Неолит дәуірі хронологогиясы Жауабы: 5-3 мық жылдық
3. Франция жерінен табылған адам қаңқасы Жауабы Саналы адам
4. Тас жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет атауы жауабы: Петроглифтер
5. Палеолит пен неолит аралығын қамтитын дәуір Жауабы : Мезолит
6. Қола дәуірінен кейінгі кезең Жауабы: Темір
7. Тарихтың атасы Жауабы: Геродот
8. Сақ сөзінің мағынасы Иран жазбаларында Жауабы: «Жүйрік атты турлар»
9. Б.з. б. ҮІІІ-ІІІ ғасыр аралығын қамтыған кезең Жауабы: Ерте темір дәуірі
10.Қола дәуірінің алғашқы ескерткіші табылған жер Жауабы: Андронов селосы
12. Сақтарды «құдыретті еркектер» деп атады кімдер Жауабы Парсылар
13. Қола дәуірде ыдыс жасаудың еі бір өрістеген түрі Жауабы: Көзе құмыралар
14.Алтын адам қайдан табылды? Жауабы: Есік обасы
15. Алтын адамды зерттеген археолог ғалым. Кемел Ақышев



  1. кезең Суреттер сөйлейді « Тәуелсіз Қазақстан», «Менің Қазақстаным»

Тәуелсіздік ел атандық биік даңқың,
Бар әлемге әйгілі мәлім атың.
Ата-баба қанымен келген бізге
Тәуелсіздік құт болып қонды елге
Оқушылар бейнеленген суреттер топтамасын топтастырады. Әр дұрыс жауап 1 -балмен есептеледі.

  1. кезең «Кім жүйрік» әр жауап 1 -балмен есептеледі

  1. Дүкендегі өлшеуіш құрал Жауабы:Таразы

  2. .Бір жұмыртқа 3 минутта піссе, 4-жұмыртқа қанша минутта піседі.Жауабы: 3 мин

  3. Ең үлкен алма қайда өседі? Жауабы Алма ағашында

  4. 25 қазан қандай күн? Жауабы: Республика күні

  5. Мемлекеттік туда қандай құс бейнеленген ? Жауабы Қыран

  6. Жер шарының кішірейтілген түрі? Жауабы Глобус

  7. Көшпелі мал шаруашылығы қай дәуірде қалыптасты? Жауабы Темір

  8. Арыстанбаб кесенесі қай жерде орналасқан? Жауабы Отырар жерінде

  9. « Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер.Жауабы: Алтын адам және жолбарыс

  10. Ұлттық валюта қашан енгізілді? Жауабы 1993жыл 15 қараша

  11. Абай Құнанбаевтың 160 жылдығы қашан тойланды? Жауабы 2005ж

  12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашаш қабылданды? Жауабы 1991

  13. Мемлекеттік рәміз белгілері Жауабы: Ту,Елтаңба, Әнұран

  14. Қос сөздердің арасында қандай тыныс белгі қойылады? Жауабы: Дефис

  15. Үшінші «Алтын адам» табылған жер? Жауабы: Шілікті

4 - кезең Ұшқыр ой әр мәтін 5 балмен бағаланады
Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбында шағын мәтін құра.Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ.
Қорытынды:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі.
Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет