Тақырыбы: Күз береке!
Мақсаты: Оқушыларға күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату;күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: күз мезгіліне байланысты салынған суреттер, жеміс пен көкөніс суреттері, даналық сөздер,жапырақтар.
Сабақтың әдістері: көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгінгі “Алтын күз” атты топтық ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз.
ІІ. Топқа бөлу /КӨКӨНІС,ЖЕМІСТЕР, ДАҚЫЛДАР,АСТЫҚ/
Мұғалім: Ендеше, балалар, қазір күз мезгілі болғандықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз да не туралы болмақ. Дұрыс күз туралы. Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.
тәрбие сағатымызда күз туралы, күздің кереметі туралы болмақ. Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді ортамызға шақырайық.
/хормен КҮЗді шақырады/
Күз келеді:/сәлемдеседі/
Егін –теріп жиналып
Қамбаларға толады.
Әр көңілге нұр дарып
Әр үйде той болады.
Жылы жаққа бағыт ап
Құстар көкке ұшады.
Сары жапырақ қалықтап
Жердің төсін құшады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады ?
Балалар хормен: Күзде!
Мұғалім: Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Осы балалар дәні дақылдарға нелер жатады? /Арпа, бидай, күріш,жүгері/Дұрыс балалар,көкөніске, жімістерге нелер жатады?Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық
Алма :
Күздік апорт алмамыз
Күннен қуат алғанбыз
Жұмыр жерден нәр жиып,
Жұлдыздай боп жанғанбыз.
Шие :
Мен шиемін,шиемін.
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар.
Төмен басты иемін.
Өрік:
Бақта өскен сәні бар,
Гүлі майда көрікті.
Жемісі бар дәмі бал
Жақсы көрем өрікті.
Асқабақ:
Асқабақтың дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Қызанақ:
Қып-қызыл боп қалғанда,
Ауызыңа салғанда.
Не жетеді шіркін-ай,
Қызанаққа жалғанда.
Мұғалім:Алтын күз балалар жеміс пен көкөністер, дақылдар туралы жақсы біледі екен. Сіздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,олар тапсырмалар болар ?
Алтын күз: -Әрине, Жұмбақ жасырайын деп едім. /Жұмбақтар жасырады./
1.Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарады көзімнен./пияз/
2.Бүрі, бүрі, бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. /Күнбағыс/
3.Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым./Сәбіз/
4.Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл,сүті тәтті./Қарбыз/
Мұғалім: -Ендеше балалар көкөністер мен жеміс- жидектердің пайдасы бар ма?
Балалар бір жылда неше ай бар?/12ай/
Күз айларын кім айтады?Дұрыс балалар енді сол айлар туралы тақпақ білеміз бе?
Қыркүйек Бірінші қыркүйек,
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Қазан : Жаңартқан ғаламды,
Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманда
Орнатқан қазан ай.
Қараша: Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі,
Қараша ән салып.
Ән: « Күз»
Орындаушы:Балауса
Қорытынды/ посторларын қорғайды/
Мұғалім:Енді балалар әр топ манадан бері көптеген мағұлматтар алдық. Енді сол білгендерімізді алдымыздағы берілген құрастырулар арқылы көрсетейік.
/құрастырылатын көрнекілік /
Балалар күзде біз көптеген пайдасы бар көкөністер,жемістер, дақылдар туралы білдік. Біз әр уақытта бау-бақшамызды күте білейік.Күте білсек бізге көптеген пайдалы заттар алады екенбіз.
Мұғалім:Көкөністерімізбен жемістерімізге байланысты ойын ойнап сергіп алайық.
Ойын
Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с). Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)
Мұғалім:Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.
Алтын күз./қоштасады/
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.
Рефлексия: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?/ қолдарын көтеру арқылы жауап береді /
Достарыңызбен бөлісу: |