Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата28.11.2023
өлшемі21,83 Kb.
#130441
түріСабақ
Байланысты:
Ұлттық ойын-халық мұрасы


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – халық мұрасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,
оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
отырғандығы туралы мағұлмат беру
Дамытушылық – Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде
көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру
Тəрбиелік – Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай
түсуге тəрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер:
Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық аспап
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару
Кіріспе сөз:
-Халқымыздың тарихи – мəдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы
да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мəдени
игіліктердің бірі – ұлт ойындары.
– Дұрыс айтасың,бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші
етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр,
жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің
бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға,
үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын
молайтып, оны шапшаңдыққа дəлдікке т. б. тəрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл –
ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.
-Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалар ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл
ойлайды» – деп түйіндейді.
Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу
өнері əлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге əзірлеу
мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – əрекет қызметін атқарған.
-Ал, балалар қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ
-Дұрыс айтасыңдар. Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп
ойлайсыңдар?
Балалар: -өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты
-Олай болса балалар келесі кезекті ойын ережесімен таныстыруға берейік
-Азамат, қандай ойын түрімен таныстырасың?
-Əсем,қандай ойын түрімен таныстырасың?
-Еркінбек, өзін өткізетін ойын ережесімен таныстыра қой.
-Ұлтабек,қандай ұлттық ойынмен таныстырасың?
-Бақтыгүл,балаларды қандай ойын ойнауға шақырасың?
Жүргізуші:
-Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді
өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың əдет – ғұрпын, салт – санасын біліп
өсуге, тілді дамытуға көп жəрдемдеседі.
-Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бəрінде айта беруге
болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін
табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады.
-Кəне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.
Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)
Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)
Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)
-10-ға толған батырмыз
Ұзарады ойымыз
Толысады ойымыз
Кел,кəнекей,келіңдер
Жалғасады ойынымыз- дей отырып ойын ережесімен таныстыруды жалғастырайық
-Абылай,қандай ойын түрімен таныстырасың?
-Нұрай балаларды қандай ойынға шақырасың?
-Ақниет,қандай ойын түрімен таныстырасың?
-Меруерт ,қандай ұлттық ойынмен таныстырасың?
-Нұрлыбек ,балаларды қандай ойын ойнауға шақырасың?
-Бүгін ,міне, ойын ережесімен танысып, сол ойындарды ойнай отырып,
Біздер шымыр,жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлік те
Керек екен соны ұқтық-деп айтымыз келеді,
Қорытынды сөз: Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен
бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны
үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан
өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз
ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған
үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін
қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін,
ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нəрсе, ақыл –
ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.


©

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет