Сабақтың мақсаты: І. Білімдік Поэманың мән-мағынасын түсіндіру арқылы негізгі ойды ажырату



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі85,61 Kb.
#16861
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі

Сабақтың мақсаты: І.Білімдік:1.Поэманың мән-мағынасын түсіндіру арқылы

негізгі ойды ажырату.

2. Басты кейіпкер Ақан туралы оқушылардың өздеріне

жұмыс істете отырып меңгерту.

3. Оқушының өзіндік ойының қалыптасуына ықпал ету.

ІІ.Дамытушылығы:

1.Шығарманы талдау арқылы оқушының сыни ойлау

дағдыларын, біліктілік қабілетін дамыту,

оқушылардың сөздік қорларын молайту.

ІІІ.Тәрбиелігі: Өнер адамына, еліне, тілге, табиғатқа

деген ұлтжанды сезімін ояту. Адами қасиетті

оқушы бойына дамыту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1.І.Жансүгіров туралы не білесің?

2.Ақан туралы қандай деректер жинақтадыңдар?

Жаңа сабақ:

Сабақтың жоспары:

1.Ақан- тарихи бейне.

2.Ақан-трагедиялық кейіпкер.

3.Ақан-композитор.

4.Ақан-айтыс шебері. (Жүсіп Төре, Орынбай, Тезекбай, Мәшһүр Жүсіп,

Есмағұлмен хат арқылы айтысқан, Майрамен)

5.Халықтың ардақтысы-Ақан

ІІІ. Сабақты бекіту. Мына сұрақтарға жауап беру:

1.Ақынның сұм заманнан соққы жеп, жан серігі Құлагерден айырылу себебі неде?

2.Батыраш, Қотыраштарға ел өз үкімдерін берді. Ал сендер қандай үкім шығарар едіңдер?

ІУ. Сабақты қорыту. Құлагер өлді. Ақан жаны жараланды, бірақ өнер өлмейді. «Құлагер» әні дүниеге келді. Ілияс өнерге, өнерліге өлім жоқ деген түйін жасайды.Өйткені «Құлагер» әні жалпақ сахараға қанат қақты. Батыраштар дүниеге келе береді, кете береді, бірақ олардан із қалмайды.Ал Ақан «Құлагер» әнімен мәңгі жасайды. Өнер -өміршең, Ілияс нысанасы да- осы.

«Құлагер» туралы кино 1972 жылы режиссор Болат Мансуровтың ұйымдастыруымен жарыққа шыққан. Ақан рөлінде-әртіс Досқан Жолжақсынов орындаған.

Ақанның әндері алғаш айтқан әнші -Ерлан Рысқали

У.Оқушы білімін бағалау.

УІ.Үйге тапсырма.

1. «Ұнайды өмірімен Ақан маған» эссе жазу.

2. «Құлагер» поэмасына сатылай кешенді талдау жасау.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет