Сабақтың мақсаты: Студенттерге әр түрлі жіктегі қой малын азықтандырудың алғышарттарын алып, оларға рацион құруды үйрету. Әдістемелік нұсқау



Дата06.01.2022
өлшемі15,39 Kb.
#12305
түріСабақ
Байланысты:
кошкарларды азыктандыру


Сабақтың мақсаты:Студенттерге әр түрлі жіктегі қой малын азықтандырудың алғышарттарын алып, оларға рацион құруды үйрету.

Әдістемелік нұсқау:Аталық қошқарларды азықтандыру үдерісіндегі ең негізгі алғышарт - оларды жыл бойына заводтық қондылықта ұстауды қамтамасыз ету. Ал жалпы күйектен бос кезде аталық малдың жоғарғы қондылықта болуы артық емес. Тек азық рационындағы құрама жем көлемі құрғақ заттың 41-42 пайызынан асып кетпеуі керек. Аталық қошқарларға арналған азық рационы жай және күйек уақытына арналған деп екіге бөлінеді. Оларды күйек уақытына арналған азық рационына көшіру ұрықтандыру мерзіміне 1,5 ай қалғанда басталады. Өйткені, осы кезде олардың ұрығы тексеріліп, жасанды қынапқа алына бастайды. Ал қоректік және минералдық заттардың нормалары олардың тұқымына, тірідей салмағына және физиологиялық жағдайына сәйкес кітапшасынан алынады.

Жай уақыттағыазық рационының құрамына әдетте 1,5-2 кг бұршақ және астық тұқымдас сапалы пішен, 1,5-2 кг сүрлем, 500-700 г шамасында 3-4 түрлі қоспа жемнен тұратын концентратты азық кіргізіледі.

Күйек уақытында рацион құнарлылығы арттырылып, әр қошқарға тәулігіне 1-1,5 кг бұршақ және астық тұқымдас, таза бұршақ тұқымдас пішен, 1,0-1,5 кг ығалды азық, оның ішінде 0,5 кг мөлшерінде тамыртүйнек жемістері (әсіресе қызыл сәбіз), құрамында сұлы, тары, арпа, бұршақ, жүгері шроттары бар 1,0-1,5 кг құрама жем және 100 г көлемінде жануар тектес азықтар беріледі.

Жаз айларында. Биязы жүнді қой тұқымы үшін пішеннің 50 пайызы, ал етті-құйрықты қой тұқымының аталықтары үшін пішеннің 70 пайызы көк балаусамен немесе жақсы жайылымдық шалғынымен алмастырылады.

БУАЗ САУЛЫҚТАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ

Буаз саулықтарға арналған азық рациондары жатырдағы төлдің өсу қарқынына байланысты буаздықтың алғашқы 12-13 және соңғы 7-8 аптасына арнап жасалады. Өйткені, соңғы 7-8 апта ішінде төлдің жылдам дамуына сәйкес азық өлшем бірлігіне деген қажеттілік 30-40, қорытылатын протеинге 40-50 пайыз, ал кальций мен фосфорға - 2 есе өседі.

Олардың азық рационының құрамы буаздықтық алғашқы 12-13 аптасында 1,5-3,0 кг қатаң, 1,5-3,0 кг ылғалды азықтан тұрады.

Қой коңдылығы жақсы болса, бұл уақытта құрама жем пайдаланудың қажеттілігі болмайды. Ал буаздықтың екінші кезеңінде сүрлемді мейлінше азайтып 1,5-3,0 кг қатаң азықпен қоса әр саулыққа 200-300 кг қоспа жем беруге болады. Әсіресе бұл уақытта сапасы төмен (құрамында сірке, пропион, ацетонды сірке қышқыларды бар) және қатып, үсіген сүрлемнен сақ болу керек.

ТОҚТЫЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ

Тоқтыларды ұтымды азықтандыруды ұйымдастыру малдың өз төлі есебінен көбейіп өсуін қамтамасыз етумен бірге олардан мол өнім алудың негізгі кілті болып табылады.Тоқтыларға арналған азық нормалары олардың жігіне, жасына, өсірілу бағытына (содан әрі - мал басын өсіруге, мал тұқымын асылдандыруға бордақылауға) сәйкес әркелкі жасалады. Оларды біз анықтама кітапшаларынан аламыз.

Тәжірибе жүзінде тоқтыларды азықтандыруды торт айдан үш кезеңге бөлуге болады. Олар: туғаннан 4 айлығына дейін, содан 5-8 ай және 9-12 ай аралығы. Олай болатын себебі - 4 ай енелерінен бөлгеннен кейін толық жазғы жайлымдықты пайдаланатын кезеңге сәйкес келеді. Ал 9-12 ай аралығы - олардың алғашқы қысы. Бұл кезеңдердің әрқайсына тән үлкен ерекшеліктері бар. Жоғарыдағы айтылып кеткен кілт осы ережелерді білуді талап етеді.



Алғашқы 4 айлық. Қозылардың бірінші айдағы негізгі азығы - енелерінің сүті. Сонымен қоса бор, тұз, су үздіксіз болып, үйренуі үшін алғашқы аптадан кейін-ақ сапалы пішен, тартылған арпа, қауызы ұшырылып ұнтақталған сұлы немесе арнайы қоспа жем койылады. Бірінші айда қозылар тәулігіне орта есеппен 40-50 г қоспа жем жейді.

Қой күйіс малы болғанымен бұзауларға қарағанда қозылардың өсімдік азықтарын қорытуы бір ай ерте, демек екі айлығында қалыптасады. Сонда олар екінші айда тәулігіне 100 г қоспажем, 150-200 г сапалы бұршақ, бұршақ-арпа тұқымдас пішен, 200-250 г сүрлем, үшінші айда 150 г жем, 200-250 г пішен, 250-300 г сүрлем, ал төртінші айда 250 г жем, 300-400 г пішен, 500-800 г сүрлем пайдалануға қабілетті болады. Немесе екінші айдан бастап мүмкіндігінше пішен мен сүрлемді 2 айда 0,9 кг; 3 айда 1,6 кг; 4 айда 2,5 кг көк балаусамен, болмаса жайылымдық шалғынмен алмастыруға болады.



Ал құрама жем мөлшері көлемі жоғарыдағы тәртіппен сақталады. Бұл уақыт ішінде оның құрамындағы әрбір азық өлшем бірлігіне 125-130 г қорытылатын протеин сәйкес келуі керек.

4-8 ай аралығы. Бұл уақыттағы басты мақсат - табиғи қалыптаскан өсу қарқынын ұтымды пайдалану. Өйткені бұдан әрі тоқтылардың өсу қаркыны төмендей береді. Сонда 120-150 г тәуліктік салмақ қосуы үшін оларды жақсы жайылымдықпен және 200-300 г қосымша жеммен қамтамасыз ету керек. Оған басты назар аударатын себебіміз - қыста күйі кеткен токтыларды үстемелете азықтандырғаннан гөрі осы уақытты ұтымды пайдаланған абзал. Әсіресе тоқтылар бордақыға арналған болса, оны осы уақыттан бастаған жөн. Сонда азықтық өзіндік ақталуы жоғары болып, қосымша салмақтың әрбір килограмына 4,5-5,0 А.Ө.Б. аспайды. Ол тоқтыларды 10-12 айда 60-70 кг салмақпен етке өткізудің мүмкіндігіне жол ашады.

8-12 ай аралығы. Бұл уақыт ішінде жан-жақты әрі ұтымды азықтандырылған жағдайдағы тоқтылардың беретін тәуліктік қосымша салмағы 100-120 г. Ал рацион кұрамы әр малға шамамен 0,8-1,0 кг сапалы пішеннен, 2,0-2,5 кг сүрлемнен және ұрғашы тоқтылар үшін 200-300 г, еркек тоқтылар үшін 400-500 г құрама жемнен тұруы қажет.Тегінде, 6 айдан асқан тоқтыларға протеин жетпеген жағдайда рационға карбамид немесе аммоний тұздарын кіргізуге болады.

Тапсырма: Саулықтар мен тоқтыларға рацион құру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет