Дәріс 13 Топырақ құнарлылығы мен құрамы. Топырақ құнарлығына сипаттама



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі55,03 Kb.
#84116
түріҚұрамы
  1   2

ДӘРІС 13
Топырақ құнарлылығы мен құрамы.
Топырақ құнарлығына сипаттама


Топырақ құнарлығы - бастапқы тау (аналық) жынысынан өзге топырақтың айрықша қасиеті. Топырақ құнарлығы оның генетика- лық ерекшеліктерімен байланысты. Агрономиялық тұрғыда топырақ құнарлығы өзіне тиісінші климаттық жағдайда өсімдік шаруашылық өнімін өндіру қабіле- тімен себептеледі, жыртылған жерде а. -ш. пайдалану сипатымен байланысады және ауылшаруашылық дақылдардың түсімділігімен өлшенеді. Топырақ құнарлығы - өсімдіктердің тіршілігі үшін қолай- лы жағдайларды қамтамасыз ететін топырақ қасиеттерінің жи- ынтығы. Топырақ құнарлығы - топырақтың биосфера компоненті ре-тінде өсімдіктерге қажетті факторларын және қоректену, су, ауа, t0, тотығу-тотықсыздану құбылыстарын себептеуші жағдайларды қамту қабілеті. Топырақ құнарлығының ең маңызды көрсеткіші өсімдіктерге қажет топырақтағы қоректену элементтерінің мөлшерінің деңгейі болып келеді. Докучаев В.В, Костычев П.А, Сибирцев Н.М. өсімдіктер өнімділігінің климат, ауа райы, геоморфологиялық, топырақ жағдайларына тәуелді екенін көрсетіп, топырақ құнарлығын топырақ қасиеті және өнімділік бойынша бағалауды ұсынған. Топырақ құндылығы 2 түрде болады: • потенциалды (жасырынды); • эффективті (ақиқат, актуальді, ал жыртылған жерлерде - экономикалық). Потенциалды (табиғаттық) құнарлықтың деңгейі өсімдіктерге керек қоректену заттардың (макро-және микроэлементтердің) жалпы мөлшерімен (қорымен), сондай-ақ топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық, физикалық-химиялық қасиеттері бойынша анықталады (тың жер, егістіктерде). Бұл құнарлық топыраққұрау- шы жыныстардың минералогиялық құрамына және климаттық жағдайларға (су, жылы режимдеріне) байланысты болады.
Топырақтың потенциалды құнарлығының деңгейін себептей- тін жайлар:
гумус мөлшері және оның сапасы; • қоректену заттардың (N, P 2O5, K 2O) мөлшері;
• гранулометриялық құрам;
• алмасу-сіңіру катиондар құрамы;
• микробиологиялық және ферментативтік белсенділік;
• химия-минералогиялық құрам; • топырақ ерітіндісінің реакциясы (рН), тұздық құрам, фитотоксикалық заттар;
• сіңірілген негіздер жиынтығы; • сіңіру сыйымдылығы.
Топырақтың эффективті (жасанды) құнарлығы өсімдіктер пайдалана алатын қоректену элементтерінің мөлшерімен және өсімдіктердің күй-жайына, өсуіне, дамуына тікелей әсер етуші басқа да бір қатар факторлармен себептеледі. Эффективті құнарлық потенциалды құнарлық негізінде жүзеге асады және агротехникалық шаралар арқылы реттеледі. Топырақтың эффективті құнарлығы климаттық жағдайларға, өсімдіктердің биологиялық ерекшелік- теріне, адам әрекетіне тәуелді.
Эффективті құнарлық деңгейін келесі көрсеткіштер себептейді:
• топырақ;
• ауа-райы және климаттық жағдайлар;
• фитосанитариялық жағдайлар;
• антропогендік әрекет.
Топырақтың эффективті құнарлығын сипаттаушы топырақ қасиеттері көрсеткіштерінің жиынтығын шартты түрде былай бөліктеуге болады:
• агрохимиялық-гумус мөлшері, топырақ ерітіндісінің реакциясы, сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген негіздер жиынтығы, өсімдіктер пайдалана алатын топырақтағы қоректену заттардың (макро-және микроэлементтердің) жылжымалы түрлерінің мөлшері;
• агрофизикалық-топырақ тығыздығы, кеуектілігі, гранулометриялық және агрегаттық құрам, су сыйымдылығы, жыртылған қабаттың қалыңдығы және т.б.;
• биологиялық-топырақтағы жәндіктердің түрлері, саны, белсенділігі және топырақтың фитосанитарлық күй-жағдайы. Ауылшаруашылық алқаптарының өнімділігін арттыруға ба- ғытталған шараларды келесі екі санатқа бөлуге болады:
• топырақтың құнарлығын тікелей оның химиялық құрамын және физикалық қасиеттерін өзгерту немесе қоректену элементтерінің мөлшерлері қолайлы шамадан ауытқуын тыңайт- қыштарды қолдану арқылы орнын толтыру;
• ауылшаруашылық дақылдарды өсіру технологиясын жетілдіру жолымен топырақ құнарлығын пайлалану жағдайларын қолайландыру. Жыртылған жерлерде эффективті құнарлықтың деңгейін өсімдік өнімділігі көрсетеді. Ауылшаруашылық дақылдардың ең жоғарғы түсімділігі сыртқы факторлары және топырақтағы қоректену элементтерінің шама деңгейі өсімдіктердің ішкі физиологиялық қажеттілігімен толық сәйкестенген жағдайда ғана қалыптасады. Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық дамуының белгілі әр деңгейіндегі байқалатын эффективті құнарлықты экономикалық құнарлық деп атайды. Нақты аймақта қолданатын технология (эталондық) бойынша ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жағдайындағы нақты топырақтың эффективті құнарлығын нормативті құнарлық деп атайды. Топырақ қатты, сұйық және газ тәрізді бөліктерден тұрады. Макро- және микроэлементтердің 99% артық шамасы топырақтың қатты бөлгінде болады. Олар топырақ ерітіндісінде аз мөлшерде болғанымен өсімдіктердің қоректенуі негізінде осы топырақ ерітіндісіндегі элементтер шамасымен және олардың топырақтың қатты бөлігімен өзара әрекеттесуі сипатымен себептеледіТопырақтың органикалық заттары оның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды негізінен екі топқа жіктейді:
• Табиғи жағынан ерекше органикалық заттар-қара шірінді немесе гумус.
• Қарашіріндіге айналмаған өсімдік және жан-жануар тектес органикалық заттар /өсімдік қалдықтары, құрттар, бунақдене, микрооргнизмдер/. Қарашірінді - құрамында азот болатын жоғары молекулалы, құрылысы өте күрделі қосылыс. Ол өсімдік қалдықтарының биохи- миялық жолмен ыдырауынан түзіледі. Қарашірінді мөлшері топы- рақ түріне, аймақтың табиғи климат жағдайларына, ауыспалы егіс түріне тағы басқа факторларға байланысты өзгереді Қарашірінді - топырақтың жалпы құнарлылығын айқындай- тын көрсеткіш. Оның құрамына гумин қышқылдары, фульвоқыш- қылдар және гуминдер атты топтар кіреді. Гумин қышқылдары әлсіз сілті ерітінділерінде, натрий пирофосфатында, қымыздық қышқыл натрийде, фторлы натрийде жақсы ериді де тұздар-гуматтар түзіледі. Гумин қышқылдарының құрамында 52-62% көміртек, 2,8-5,8% сутек, 31-39% оттек, 1,7-5% азот болады. Гумин қышқылдарындағы осы элементтердің мөлшеріне, топырақ типі, топырақтағы органикалық заттардың химиялық құрамы және олардың ыдырауы әсер етеді Фульвоқышқылдар су мен қышқылдарда жақсы еритін құрамында азот бар жоғары молекулалы органикалық қышқылдар, олардың құрамында шамамен 40-52% көміртек, 4-6% сутек, 42-52% оттек, 2-6% азот болады. Фульвоқышқылдарының қышқылдығы күшті, әрі суда жақсы еритіндіктен, олардың топырақтың минералдық бөлігін ыдырату қабілеті жоғары болады. Топырақ қарашіріндісінің гуминдері гумин және фульвоқышқылдарының жиынтығы болып саналады. Олар қасиеттер жағынан гумин қышқылдарына ұқсас. Әр түрлі топырақтар тек қана қарашірінді қорымен ерекшеленбейді. Олар құрамындағы гумин, фульвоқышқылдарының мөлшерімен, олардың арақатынасымен бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет