Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Технология түрлері
Сабақтың мақсаты: Технологияның негізгі түрлері мен класстарын оқып білу. Биотехнологиялық үрдістердің артықшылығын білу.
Лабораториялық жұмысты орындауға қажетті-құрал-жабдықтар: пробирка, қоректік орталар, заттық шыны, шпатель, Петри табақшалары
Жұмыстың орындау реті:
Таза дақылды бөлу əдістері. Микробтарды оқшаулап, таза дақылды бөліп алуда əртүрлі əдістер қолданылады. Пастердің əдісімен дақылды стерильді ерітіндімен жайлап сұйылтады, бір тамшыда бір клетка болғанша, бір клеткадағы ұрпақты алып, осындай тамшының дақылын аз ғана мөлшерде қоректік ортаға себеді. Кохтың əдісі бойынша микробты ерітілген қоректік ортада сұйылтады. Сериялық ерітінділерді кезектестіре жасап 4-5 рет сұйылтқаннан кейін, əдетте пробиркадан бір клетка алынады, оны бөлек табақшада өсіреді. Ганзеннің əдісі бойынша, ұқсас таза дақылдарды осылай алады. Тамшыда бір немесе бірнеше клетка болатындай есеппен дақылды себеді. Қоректік ортаның тамшысын заттектес шыныға жұқа етіп жағып, сөйтіп бір тамшыдан өскен дақылды қоректік ортасы бар Петри табақшасына
көшіреді. Тамшыны залалсыздандырылған таяқшасымен қоректік ортаның бетіне бөліп таратады. Осы əдіспен шпательмен артынша екінші, үшінші табақшаларға жүргізеді. Қоректік ортаның бетіне жеке колониялар өседі, одан таза дақылды оқшаулап, бөліп алу оңай.
Қысқаша теориялық материал
Технология - бұл бастапқы материалдаң, яғни шикізаттан керекті тәсілдер мен әдістерді үйлестіре қолданып, құнды өнім өндіру, мысалы:
Қайыннан (шикізаттан) үстел мен орындық (өнім) жасау;
Тас көмірден (шикізаттан) электр энергиясын (өнім) өндіру;
Табиғи газдан (шикізаттан) полиэтиленді пакеттер (өнім) алу;
Ауа мен табиғи газдан (шикізаттан) тынайтқыш – аммиакты селитра (өнім) алу;
Шөптен (шикізаттан) сүт (өнім) өндіру;
Қанттан спирт алу;
Қанттан дрожжиларды өндіру;
Сүттен (шикізаттан) кефир (өнім) өндіру. т.б.
Көп жағдайда бір өнім алу үшін, тек бір ғана шикізат емес, бірнеше түрі және бір әдіс қана емес, кезекпен жүргізілетін бірнеше әдіс қолданылады.
Әдетте технология ұғымы екі бөлімнен құралады, ол 1-шісі «технология», 2-шісі – «өнім аты». Мысалы: Аммиакты селитра технологиясы, сүт технологиясы, дрожжилар технологиясы және т.б. Кейде ол «өнім өндіру технологиясы» деп те жазылады.
Технологияның негізгі кластары. Адамның ойлап тапқан технологиялары өте әртүрлі және көп, осының бәрі 3 негізгі класқа бөлінеді:
Физико-механикалық технология;
Химиялық технология;
Биотехнология.
Физико-механикалық технология. Атауына сәйкес мұндай технология қолданғанда бастапқы материал (шикізат) өнім өндіру процессі кезінде формасы мен агрегаттың қүйін ауыстырғанмен, өзінің химиялық құрамын өзгертпейді. Мысал ретінде ағаш жиһаздардың өндіру үшін ағашты өндеу, металды өндеу арқылы машина бөлшектерін өндіруді айтуға болады.
Химиялық технология. Өнімді химиялық технологиямен өндіру кезінде шикізаттын химиялық құрамы
Бақылау сұрақтары:
«Технология» түсінігіне анықтама беріңіз.
Технологияның қандай класстары бар?
«Биотехнология» түсінігіне анықтама беріңіз.
Адамшөп тамырынан дәрі-дәрмек алу биотехнологияға жата ма?
Сүт, бал, шұжық, нан, өсімдік майының өндірісі биотехнология болып табыла ма?
Биохимия саласының қандай түрі биотехнологияда қолданылады?
Химия-технологиясымен салыстырғанда биотехнологиялық процестердің артықшылығы қандай?
Жануарлар (мүйізді ірі қара мал), өсімдік( бұршақ), және микроағзалар (малазықтық ашытқылар).
Әдебиеттер:
Бирюков В.В. «Основы промышленной биотехнологии» М. «КолосС», «Химия» 2004 г
Егорова Н.К., Клунова О.О « Основы биотехнологии».
Биотехнология /Клунова, С.М. – 2010
Биотехнология: теория и практика / Под ред. Н. Загоскиной, Л. Назаренко / - 2009
Жануарлардың өсіп-өну биологиясы мен биотехнологиясы/ /Аятханұлы, М. – 2010
Микроағзалық биотехнология: қолданбалы микробиологияның негізгі қағидалары /Глейзер А.Н. – 2012
Биотехнология /Жатқанбаев, Ж.Ж. - 2011
Достарыңызбен бөлісу: |