Сабақтың тақырыбы 1-2 сабақтар. «Отбасы күнін тойладық»



Дата05.10.2022
өлшемі25,71 Kb.
#41562
түріСабақ

Пəн: Қазақ тілі Сынып: 6 Б
1-бөлім. Отан отбасынан басталады. М. Əуезов «Абай жолы» «Қайтқанда» тарауы (үзінді)

Сабақтың тақырыбы

1-2 сабақтар. «Отбасы күнін тойладық»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(Оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1-тірек сөзлер, жетекші сұрақтар, мəтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;
6.5.1.1-мəтіндерден деректі жəне дерексіз зат есім, көптік мəнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мəтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды.
Көптеген оқушы мəтіндердегі деректі жəне дерексіз зат есім, көптік мəнді есімдерді ажырата біледі.
Кейбір оқушылар мəтіндегі деректі жəне дерексіз зат есім, көптік мəнді есімдерді жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.

Бағалау критерийлері

Отбасылық мерекелер туралы айтады, сипаттайды, шағын мəтін құрап жазады.

Тілдік мақсаттар

Пəнге тəн лексика мен терминология: бір-бірімізге, ағайын, туыс, береке, отбасылық, шағын.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бастапқы білім

Бесінші сыныпта өткен тақырыптарды қайталайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылар парталас достарымен қазақша амандасады.
-Сəлем, достым! (амандасады)
-Қалың қалай? (Иықтарынан қағады)
-Қалай демалдың? (Құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым! Қолдарын жүректеріне қояды)
-Қош келдің! (Қолдарын жаяды)
-Күніміз сəтті болсын! (Құшақтайды)
Қызығушылығын ояту. Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтадан отбасылық мерекелерге байланысты дайындаған слайдтарын көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, отбасылық мерекелер туралы не айтасыңдар?
Мəтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дəптермен жұмыс жасатады.
Суретке қарайды, «Қызықты суреттер» тəсілін пайдаланып, отбасылық мейрамдардың тізімін жасайды, сұрақтарға жауап береді (1-тапсырма).
Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға деректі, дерексіз зат есімдерді меңгертеді. Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді.
Өлеңді оқиды, деректі, дерексіз зат есімдерді тауып, жазады, «Отан» сөзінің синонимін табады (2-тапсырма)

Тренинг жазылған парақшалар
Тұсаукесер
Оқулық
Таныстырылым

Сабақтың ортасы

Мəтінмен жұмыс. Мəтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мəтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады. Оқушылар мəтінді түсініп оқиды, ақпараттың дұрыстығын тексереді, сөз тіркестерін жазады, «Тірек сөздер» страиегиясын қолданып, берілген сөздерді жекеше, көпше тұрде жіктейді, деректі, дерексіз зат есімдерді табады
Сергіту сəті. Мұғалім оқушыларды сергіту үшін орындарынан тұрғызып, жаттығу жасатады:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

Сазды əуен



Сабақтың соңы

Оқулықтағы 5-тапсырма жазбаша орындау. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай байланыстырып жаз.
Бағалау
«Бас бармақ» тəсілі
Барлығын түсіндім
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Кері байланыс. «Рефлексиялық шеңбер» тəсілі
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?
Сабақта неден қиналдың?
Сабақ аяқталғандағы көңіл-күйің қандай? Неліктен?
Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 6-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуын қажет екені түсіндіріледі.

Оқулық, ғаламтор ресурсы
Рефлексиялық шеңбер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет