Сабақтың тақырыбы 21-сабақ. Шешендік нақыл Сабақтың мақсаттары



бет1/3
Дата05.02.2023
өлшемі26,72 Kb.
#65247
түріСабақ
  1   2   3

Шешендік өнер

Мектеп:Ы.Алтынсарин атындағы №65мектеп-гимназия
Шаметова.Н

Сынып: 6- сынып

Қатысқаны Қатыспағаны

Күні

6 В 02 .02.2023

Сабақтың тақырыбы

21-сабақ. Шешендік нақыл

Сабақтың мақсаттары

Шешендік нақыл ерекшелігін анықтау, үлгілерін талдау арқылы ажырату

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыждгт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Ұйымдастыру
Ширату жаттығуы «Тез тап» ойынын жүргізу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау ұйымдастыру
Шешендік толғаудың түрлері
Шешендік ақылдың ерешелігі

Әр түрлі тақырыптан қойылған сұрақтарға тез жауап береді, жылдам ойлануға дағдыланады







Сабақтың ортасы
5 минут

20 минут


10 минут

«Миға шабуыл» әдісі
Шешендік нақыл

Адам күні – адаммен. Адам қоғамда қарым-қатынассыз күнелте алмайды. Адамдар арасында қалыпты мәмілені бұзатын – үйіңе күле кіріп, күңірене шығатын екіжүзділік, бір ұрты май, бір ұрты қан екісөзділік.


Көкірек таза болмаса,
Көз тазасы не керек?
Денің таза болмаса,
Тіл тазасы не керек? –
деген нақыл адалдыққа, адамгершілікке меңзейді. Жасанды мінез жақсылыққа бастамайды. Өтірік сөз бел асырғанмен, ел асырмайды. Жақсы болғың келсе, сыртыңды ғана түземе, сырыңды түзе.
Биі көп елді дау аралайды,
Дауы көп елді жау аралайды, -
деп, елді ынтымақты болуға шақырады. Дау-тартыс, бақастық-күндестік араңды әлсіретіп, дұшпаныңа жол ашады дейді.
Адам қоғамы үйден, әулеттен басталады. Үй тірегі – екі босаға – ерлі-зайыпты жұбайлар. Жұмысың өнімді, өмірің көңілді болсын десең, достықты алдымен жұбайыңнан баста дегенді айтады.
Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді,
Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі,
Білімдімен дос бол – ақыл-кеңес береді.
Береке ынтымақта, достықта екенін әркім біледі, бірақ достық пен татулық өзінен-өзі келмейді. Ол үшін сыйыса, сыйласа білу керек, кекшіл болмай, көпшіл, кешірімді болу қажет. Бай-шонжарлар әйелді кем деп санайтын болса, халық әйелің мен балаңның ар-намысын сақтай біл дейді.
Қатынды теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Қатынды тепсең – сағы сынар,
Баланы ұрсаң – бағы сынар.
Қатын ашынса, қатты айтар,
Бала ашуланса, бетің қайтар, -
деп, көпті көрген көнекөз қарттар өз басынан өткен қатені кейінгілер қайталамаса екен дейді.
Басында шүкір, жоғында сабыр қыл дейді. Ағайын арасын тұщы – қылатын – ащы дүние, адамды алакөз ететін – алыс-беріс. Алыс-берісте кісі әділ болмаса, біреуге біреу сенімнен айырылады, сенімнен шығу – адам бойындағы асыл қасиет. Соны ескертіп:
Біреуден алған аманат –
Берсең, жақсы саламат.
Жанжал қылсаң, бақ кетер,
Ақыры қалар жаманат, -
деп, әркімді де әділдікке шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет