Сабақтың тақырыбы Архимед заңы қалай ашылды?



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі75,56 Kb.
#97758
түріСабақ
  1   2

Жаратылыстану пәніне арналған қысқа мерізімді сабақ жоспары

Бөлім: 

«Күш және қозғалыс»

Педагогтің Т.А.Ә. 

Кеңесбаева Ақниет Мұхитқызы  

Күні:


Сынып: 4 

Қатысушылар саны: 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Архимед заңы қалай ашылды?
(Жаратылыстану 2 - бөлім. Оқулық 70 – 71 бет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 2019ж.)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру
4.5.1.2 судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақтың мақсаты

❖ Архимед заңы туралы біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басы
1 минут
Ұйымдастыру

Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендейді
3.Көңіл - күйіміз қалай?
4.Ендеше сабағымызды бастайық?

1.Оқушылар мұғаліммен амандасады
2.Кезекші оқушыларды түгендейді
3.Керемет! Тамаша! Ғажап! Алақай!
4.Оқушылар сабаққа зейінін салады

Керемет!



Психологиялық ахуал
қалыптастыру. 
1 минут
Ұжым ережесі
Алдағы білім
10 минут

λ Жылы лебіздер айтқызу
Аналаға алақанмен
Жылулықты шашайық
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Сабағымызды бастайық!
❖ Ұжымдық жұмыс ережесі
Сабақта бір-бірімізді : Сыйлаймыз,тыңдаймыз! Сабақта уақытты: Үнемдейміз!
Сабақта тапсырмаларды: Нақты, дәл жауап береміз!
Сабаққа қатсықанда: Шапшаңдықты, тапқырлықты көрсетеміз!
Белсенділік танытып, жақсы баға аламыз!
«Жыл мезгілдері» мәтіннің түсінігін айтады
«Айырмашылығы неде » әдісі
Оңтүстік жартышарда жаз, Солтүстік жартышарда қыс екенi қалай көрсетілген?
✓ Солтүстік полюс күнге қарап тұрған кезінде Солтүстік шарты шарда жаз, ал Оңтүстік жарты шарда қыс болып тұрады
А, В, С нүктелерiнде күннiң ұзақтығы қандай?
✓ Жер бетінің температурасы Күн сәулесінің қалай әpі қаншалықты түсуінебайланысты. Қыс айларын Солтүстік жартышарға Күн сәулесі аз түседі де, күн қысқа, түн ұзағырақ болады. Ал солтүстік полюсте поляр түндері басталады. Жаз айларында Солтүстік жартышар тәуліктің көп бөлігінде Күнге бұрылады. Сондықтан түн қысқарып, күн ұзарады. Бұл кезде Солтүстік полюсте поляр күндері басталады.
Өз өлкеңде қаңтардан маусымға дейiн күннiң ұзақтығы қалай өзгеретінін айтып бер.
✓ 22 маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашық орналасады. Бүл ең ұзақ күн - жазғы күн тоқырауы. 22 желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн - қысқы Күн тоқырау күні.
Өз бiлiмiне сүйеніп, осы заңдылықтарға түсiнiктеме берiп көр
✓ Жер осінен айналғанда Күнге әр бүйірімен қарайды. Ол өз орбитасына сәл еңкіш орналасқандықтан, Күн сәулесі бір жартышарға тік, ал екінші жартышарға көлбеу түседі. Tік түскен кезде Күн жерді қатты қыздырады, ал көлбеу түскенде қызуы аз болады. 



λ Жылы лебіздерді айтады
Барлығы бірге өлең жолдарын қайталайды
Ұжымдық жұмыс ережесін сақтайды
«Жыл мезгілдері»
мәтіннің түсінігін айтады
Мәтіннің түсінігі бойынша сұрақтарға жауап береді «А Ә В С» әдісі арқылы
Дескриптор 
1.Оңтүстік жартышарда жаз, Солтүстік жартышарда қыс екенi қалай көрсетеді
2.А, В, С нүктелерiнде күннiң ұзақтығын түсіндіреді
3.Өз өлкеңде қаңтардан маусымға дейiн күннiң ұзақтығы қалай өзгеретінін айтады
4.Өз бiлiмiне сүйеніп, осы заңдылықтарға түсiнiктеме береді

Қ.Б
Тамаша!
Керемет!
Алған білімдерін
тексеру мақсатындаүй тапсырмасының
дұрысорындалуынаформативтікбағаменбағаланады
10 балл


жылы лебіз

Ұжым

Оқулық 
66 - 67 бет

Сабақтың
Ортасы
10 минут

ұжымдық жұмыс
Қызығушылықты ояту

Сынып жұмыс
Архимед заңы қалай ашылды?
Сабақтың мақсаты
❖ Архимед туралы аңызбен танысасың
❖ Судағы дененің суды ығыстыратынын білесің;
Тірек сөздер: Архимед; ығысу;
1-тапсырма
Айтылым
Ұжымдық жұмыс
«Кинометафора» әдісі 
λ Эврика 
(Атақты грек математигі, физигі әрі астрономы Архимед туралы аңыз) 
Сиракуз деген ежелгі қалада Гиерон есiмдi патша тұрыпты. Ол әлемдегі ең керемет алтын тәж киюді армандапты. Бірде ол зергерді шақыртып алып, 10 фунт алтыннан тәж жасауды тапсырыпты. Зергер оның айтқанын орындайды. Алайда патша тәждің таза алтыннан жасалғанына күмәнданады. Ол дереу Архимедке тәждің құрамында күміс қоспасы бар жоқтығын тексеруді тапсырады. Архимед қанша ойланса да, мұның шешімін таппайды. Бір күні Архимед ваннаға түспек болып, оны ернеуiне дейiн толтырады. Ол суға отырған кезде судың біразы сыртқа асып төгіледі. Бұл жағдай оны мазалап жүрген сұрақтың шешімін тауып береді. Архимед қуанғаннан «Эврика!», «Эврика!» («Таптым!») деп айғай салыпты.

λ Архимед ашқан жаңалық
Ваннадағы су неліктен ернеуінен асып төгілді? Ойынды айт. Өзiңде мұндай жағдай болды ма?
✓ Ваннадағы су ернеуінен асыл төгіледі.Себебі, ваннаға су толтырып құйылды, адам отырған кезде, су деңгейі одан әрі көтеріледі
Стақандағы суға көлемі бірдей металл шар мен пластик шарды түсірсең не болады? Архимедтің ашқан жаңалығын өзіңше жасап көр. Қорытынды жаз.
✓ Стақанға металл шарды түсірсек бұл суға батып кетеді, ал пластик шарды суған түсінген кезде судың бетінде қалқып тұрады. 


Күн ретін жазады
Жаңа білімнің тақырыбы мен мақсатын 
меңгереді
✓ Пиктограммадағы құбылыстарды анықтайды
Дескриптор
1. Ермексаздан көлемі бірдей етіп домалақтап, бесшар жасайды.
2.Стақанда тұрған судың деңгейін маркермен белгілейді.
3.Суға бірінші шарды салады, судың деңгейін маркермен белгілейді.
4.Нәтижелерді тіркеп, қорытынды жасайды
5.Жаңа ақпаратты түсінеді

Белсенділік танытқан оқушыларды
«Мадақтау сөз» әдіс бағалау:Жарайсың! Жақсы!Талпын!
Ф.Б - 1 балл


Оқулық
66 бет

Пиктограмма

Тәжірбие
20 минут
ұжымдық жұмыс
ұжымдық жұмыс

2-тапсырма
Айтылым
Ұжымдық жұмыс
«Зертте» әдісі
Денелер суды қалай ығыстырады
✓ Стақанға ермексазды саламыз. Суға салынған дененің көлемі қанша болса, дәл сол көлемдегідей су ығыстырылып шығады

Ернеуіне дейін толтырылған ваннаға Архимед отырған кезде ваннадан Архимедтің суға батқан денесінің көлеміндей су ығысып , асып төгілді
3-тапсырма
Айтылым
Ұжымдық жұмыс
«Жаңаны ұғыну» әдісі
λ Ақыды қарға 
Суретке қара. Ақылды қарға Архимед заңын қалай қолданып жатыр? Бұл заңды сен қалай қолданар едің? Мысал келтір

✓ Ақылды қарға құмырадағы суды ішейін деп тұмсығы жетпеді. Енді ол Архимед заңын пайдаланып суға біртіндеп тастарды сала бастады. Тастарды салған кезде су көтерілді. Құмыра толып су сыртқа төгілді. Енді қарға шөлі қанғанша суды ішті
Сен білесің бе?
Архимедтің ашқан жаңалығын зертеу үшін "Архимед шелегі" деген құрал қолданылады


Есте сақта!
Суға батырылған дененің көлемі қандай болса, дәл сондай көлемдегі су ығысып шығады

✓ Зерттеу жасайды








Дескриптор 
1.Денелер суды қалай ығыстыратынын айтады
2.Суретке қарап түсіндіреді
3.Жаңа ақпарат алады
✓ Жаңа мағынаны ұғынады
Дескриптор 
1.Архимед заңын қалай қолданып жатқанын айтады
2.Бұл заңды қалай қолданатынын айтады
3.Мысал келтіреді
4.Сұрақтарға жауап береді
5.Жаңа ақпаратпен танысады

Қ.Б.
Тамаша!
Белсенділік танытқан оқушыларды
«Мадақтау сөз» әдіс бағалау:Жарайсың! Жақсы!Талпын!
Ф.Б - 1 балл





Оқулық
71 бет,

Сабақтың
Соңы
2 минут
Бекіту

Жаңа білімді қорытындыла:
λ Ойлан
Хауызға тас тастаса, оның суының деңгейі өзгере ме
✓ Хауызға тас тастаса, оның су деңгейі өзгереді. Суға батырылған дененің көлемі қандай болса, дәл сондай көлемдегі су ығысып шығады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет