1.3.ЖАҢА ТАС ҒАСЫРЫ (НЕОЛИТ)
-Неолит – тас дәуірінің соңғы кезеңі, жаңа тас ғасыры. Жаңа тас
ғасырында адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары
тұрды. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Табиғи климаттық ортаның
бүгінгі күнге ұқсас қалыптасқан кезеңі.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1.
Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең:
Жауабы: б.з.б 5-3мың жылдықтар
2.
Б.з.б 5-3мың жылдықтарды қамтитын дәуір:
Жауабы: Неолит
3.
Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген
уақыт:
Жауабы: Неолит
4.
Неолит кезеңі ерекшелігінің бірі:
Жауабы: тас өңдеу биік деңгейге көтерілді
5.
Табиғи-климаттық ортаның бүгінгі күнге ұқсас қалыптасқан кезеңі:
Жауабы: Неолит
6.
Тас өңдеу әдістері:
Жауабы: Неолит дәуірінде жоғары дәрежеге жетті
7.
Жаңа тас дәуірінде адамзат қоғамының даму қарқынды:
Жауабы: өсті
Неолит кезеңінің шаруашылығы:
-Аңшылық. Неолит кезеңінің аңшылары да Мезолиттік аңшылар сияқты
аңдардың соңынан жылжып көшіп отырған, сондықтан көпшілік
мекенжайлары уақытша болған. Аңшылардың негізгі аулайтын аңы – аша
тұяқты, жайылымын жиі өзгертетін аңдар.
- Қосымша кәсіп ретінде құс аулау, балық аулау, терімшілік шамамен әлі де
болған сияқты.
-Неолиттің басты жаңалығы – өндіруші шаруашылықтың пайда болуы:
аңшылықтан – мал шаруашылығы, терімшіліктен – егін шаруашылығы.
(Мезолитте қалыптаса бастады, Неолитте қалыптасты). Мұны Гордон
Чайлд «Неолиттік төңкеріс» деп атайды. Бұл оқиғаға алып келген нәрсе -
еңбек құралының дамуы.
-Егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты → жер жырту үшін қайла,
үшкіртас бекітілген тесе → тас орақпен егін орды. Сондай-ақ әртүрлі
өсімдіктерді сұрыптауды үйренді.
-Неолит тұрғындары шыбықтан шарбақ тоқуды, өру мен тоқу ісін меңгерді.
Достарыңызбен бөлісу: |