Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет1/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

1-практикалық сабақ

  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы.Дыбыстардың құрамы

  2. Сабақтың жоспары:

1.Тіл дыбыстарының жасалуы
2. Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі.
3. Тіл дыбыстары, олардың түрлері
4. Дыбыстардың құрамы
5. №7. 81,83-жаттығулар.
Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалт қыш күш, оның ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқы Жаңғырық жасайтын (резонаторлық) қуыс орындар (көмей қуысы, тамақ, ауыз қуысы) Ауаның түрлері:үнге айналған (фонациялық) ауа, тон, обертон, тембр. Дыбыстардың физикалық, анатомия – физиологиялық аспектілермен байланысы.
Дыбыстардың артикуляция –акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты. Артикуляциялық дағды Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін дұрыс, не бұзып айтуы на тигізетін әсері; орфографиямен қатынасы Адамдар арасындағы тілдік қатынастар екі түрде болады: ауызша және жазбаша .Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы , кейінгісі жазу арқылы іске асады. Сөйлеу-іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару,айту. Бұл – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне,ең негізгі қару. Жазу – сөйлеудің қағазға түскен бейнесі. Бұл бертінде пайда болды. Мәселен ,қазақ халқы ХХ-ғасырдың орта тұсынан бері ғана жаппай сауатты елге айналды. Адам баласының тiлi – дыбыстық тiл. Жеке тұрғанда мән-мағынасыз көрiнетiн тiлдегi санаулы ғана дыбыс мыңдаған сөздердiң құрамында белгiлi бiр тәртiппен қиюласып, тiркесiп қайталану арқылы тiлдi, сол тiлдiң дыбыс жүйесiн құрайды. Егер сөздер дыбыстардың өзара тiркесi түрiнде айтылмаса, тiл қатынас құралы да, пiкiр алысу құралы да бола алмас едi. Сондықтан дыбыссыз тiл жоқ, тiлсiз қоғам жоқ. Адамның ойы, айтатын белгiлi бiр пiкiрi дыбыстық комплекстен тұратын сөздердiң арқасында iске асады. Сондықтан да тiл дыбыстарын, оларға тән тiл заңдылықтарын бiлудiң маңызы зор. Дыбыстық өзгерiстердi есепке алмай тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркiнiн, өзгеруiн, дамуын айқындау мүмкiн емес. Фонетика (грекше-рһопе – дыбыс) – тiлдердiң дыбыстық жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетиканың зерттейтiндерi – тiлдiң барлық жағдайларда және қызметiнде көрiнетiн дыбыстық құрамдары мен тәсiлдерi және тiлдiң дыбысталу түрi мен жазба түрiнiң арасындағы байланыстар. Дыбыс атаулының қандайы болса да, созылмалы заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар да күрделі вибрациялық қимылдың нәтижесін де пайда болатын құбылыс. Осы қимылдың нәтижесінен ырғағы, күші, әуеніне қарай дыбыстар әр түрлі болады. Тілдегі дыбыстардың түрлерін кейбір қасиеттерін олардың ырғағы, күші, әуеніне қарай ажыратуға болады. Дыбыс ырғағы- бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл мөлшері көбейген сайын дыбыс ырғағы күшейеді, керісінше діріл мөлшері азайған сайын дыбыс ырғағы да әлсірейді. Бір секунд ішінде ең кемі 16 рет, көп дегенде 20000 рет дірілдің нәтижесінде болған дыбыс қана құлаққа естіле алады. Тілдегі дбыстардың ырғағына қарай сөздің сөйлемнің интонациясын білуге болады.
Дыбыс күші- бір секунд ішіндегі дірілдің қарқынымен байланысты. Дірі қарқын (ампликтудасы) көбейген сайын дыбыс күші ұлғая түседі. Дыбыс күші діріл қарқынының жиіленуіне байланысты болғандықтан, діріл амплектудасы көбейген сайын жіңішке шығады да, кеміген сайын жуан (соғын) шығады. Дыбыс күшіне қарай тілдегі лепті (динамикалық) екпіннің сырын білуге болады.Біздің дыбыстық тіліміздің- өте күрделі құбылыс, сол сепепті бізге оны үш түрлі аспектіде (үш қырынан) қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық (биологиялық) аспект, акустикалық (немесе физикалық) аспект және лингвистикалық (функционалдық) аспект.
1. Анатомия-физиологиялық аспект- адамның тілі-алдымөн биологиялық қүбылыс екені белгілі, яғни тіл-дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған ораталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаратылған арнайы органдар жоқ. Муны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар ( мәселен өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б.) қосымша атқарады. Адам баласы үзақ эволюциялық даму барысында өзінің анотомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілгө ие болады. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін дыбыстау мүшелерімен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбыс жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, кңөмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мүрын, жақ, ерін, т.б. Бүларды сөйлөу апараты деп те атайды. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген. Дыбыстау мүшелерінің ішіндө әсіресе дауыс шымылдығының, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері-көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезексияқты)жиырылып, кіріліп турады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар тоннан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі : үнділерден көбірек, үяңдарда- азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Себебі қатаң дауыссыздар тоннан емес, салдырдан жасалады. Салдыр (немесе шу деп те айтуға болады) фоноциялық (өкпеден шыққан) ауаның ауыз қуысында тосқауылға, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
2.Акустикалық (физикалық аспект)- тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңқылы -ғы жағынан ерекшеленеді. Дыбысты ырғағы тербелістің жилігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынынан (ампликтудасына) байланысты. Бірінші герцпен, екінші децибелмен өлшенеді.
Дауысты дыбыстар (м-ы, а, ә) бір бірінен әуеніне (тембрге) қарай ажыратылады. Тембр- дыбыс болады. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен көмекші тонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болады.
Мысалы: тоны жағынан бір біріне жуық дауыстылар тіл, жақ, еріннің қатысуы нәтижесінде бір бірінен ерекшеленеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп, дауыстылардың жіңішке, жуан болуына жағдай жасайды. Дыбыс созыңқылығының қазақ тілінде фонетикалық мәні жоқ.
3.Лингвистикалық (функционалды) аспект- адамдар арасындағы қарым-қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық қүбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең басты нәрсе олардың адамдардың қатынас қүралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық (әлеуметтік) мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистика -лық аспектінің табиғатын дүрыс танып білуге көмектесетін жолдар түрінде қарасада болады.
Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі түрғысынан құрайды.
Тілдегі дыбыстар негізгі тон және көмекші (обертон) немесе тоннан тұрады, өзінің ырғааы мен күшіне қарай көмекші тон негізгі тонмен тығыз байланысты болады; арнаулы бір дыбыстың (көбінесе дауыстының) өзге дыбыстан айырмасы көмекші тон арқылы баййқалады: көмекші тонмен байланысты дыбыстың қасиеті дыбыстың әуені днп аталады.
Тілдегі дыбыстардың бірқатары тонмен байланысты; бұлар- дауыстылар. Екінші бір дыбыстар салдырмен байланысты: олар- дауыссыздар. Дыбыс тонымен байланысты дыбыстар дауыстылар) музыкалы болып келеді де, салдырмөн байланысты дыбыстарда (дауыссыздарда) бұл қасиет болмайды.



  1. Дыбыстардың акустикалық тұрғыдан мінездемесі. Дыбыс ырғағы. Дыбыс күші.№15.81,83-жаттығулар.

Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика(akustikos- естілу) деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп козғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет