Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет14/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
2. №7.1-2 жаттығулар

6 –практикалық сабақ


Омонимдер туралы ұғым. Оның көп мағыналы сөздерден өзгешелігі, жасалу жолдары, түрлері. Омонимдік құбылыстар. Синоним туралы түсінік, анықтамасы. Синонимдік қатар, доминант. Антонимдер, оның өзіндік сипаты, жасалу жолдары. Антонимдердің тілде атқаратын қызметі және қолданылуы. №15.1-2 жаттығулар
Омонимдер туралы ұғым
Омонимдер(гректің homos – біркелкі және onyma – ат, атау деген сөздерінен алынған) – бірдей дыбысталып, бірдей жазылып, мағыналары басқа-басқа болып келетін сөздер. Мысалы: ат – көлік, з.е. , ат – етістік т.б.
Омонимдердің полисемиядан айырмашылығы бар: омонимдер бірдей дыбысталып, жазылса да әрқайсысының мағынасы басқа-басқа.Ал полисемия – көп мағыналы сөз, бірдей дыбысталып, бәрдей жазыла отырып, мағыналары жағынан жақын, байланысты болып келеді.
Құрамына қарай омонимдер: 1.Түбір омонимдер;2.Туынды омонимдер болып бөлінеді.
Түбір омонимдерешбір аффиксіз, атау тұлғада қолданылатындар. Мысалы: қыз – зат есім, қыз – етістік.
Туынды омонимдер – аффикс қосылу арқылы жасалады. Мысалы: 1. Жас-тық- зат есім, 2. Жас-тық – сын есім.
Омонимдер тілдің лексикасын саны емес, мағынасы жағынан ұлғайтады, кеңейтеді, көбейтеді.
Омонимдер түрлі жолдар арқылы жасалады: Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы жасалады. Бір сөздің көп мағыналы болуы – полисемия. Бір сөз әуелгіде бір мағына берсе, келе-келе сол мағынаның өрбіте түсуі мүмкін, оған себеп өмірдегі жаңалықтар. Мысалы: Ай – планета, Ай - бір ай, бұлар бұрынғы бір сөз, қазіргі екі сөз.«Ай»сөзі фразеологиялық единица жасауға негіз болған. Мысалы: Айдай сұлу, айдай таза, айдан анық, айдай аузы барайды аспанға бір- ақ шығарды, айдың бір жаңасы, айдың күні аманда, ай күні жақындады, ай қабақ.
В.Н.Петрухин полисемия арқылы пайда болған омонимдерді семантикалық омонимдер деп атайды.
1.Кейбір байырғы сөздер тілдің даму барысында фонетикалық өзгеріске ұшырап, кейбір сөздер, тілдегі екінші сөздермен бірдей дыбысталып соңында омоним болып кетеді. Алмасуға ұшыраған қазақ тіліндегі дыбыстар: ғ-г, с-ш. Мысалы: атқа салатын «ер» сөзінің ертеректегі дыбысталуы – егер.Бұл форма Оңтүстік Қазақстанда сақталған. Олар «егер» сөзінің «г» дыбысы түсіп қалып «еер» болудың орнына «ер» болып ықшамдалған.
2.Кейбір омоним сөздің түбіріне аффикстер жалғануы арқылы жасалған. Ондай омонимдердің жасалуына омонимдес аффикстер себеп болған. Омонимдес аффикстерді «аммоморфемалар» деп те атайды.
3.Кейбір омонимдер кірме сөздерің байырғы сөздермен бірдей дыбысталып келуі арқылы жасалған. Мысалы: орыстың волость – болыс сөзі болып өзгеріп, етістік «болыс» сөзімен омоним болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет