Сабақтың тақырыбы бақ және журналистің мәдениеті Оқу мақсаттары



Дата27.02.2023
өлшемі327,82 Kb.
#70122
түріСабақ

Білім беру ұйымының атауы

М.Отаралиев атындағы орта мектеп

Бөлім

Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис

Педагогтың аты-жөні

Куанова Алия Кайрошевна

Күні

27.02.23

Сынып

9а,ә

Сабақтың тақырыбы

БАҚ және журналистің мәдениеті

Оқу мақсаттары

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту

Сабақтың мақсаты



Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беріп айту.

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім оқушыларға амандасып, сыныпты түгендейді.
«Менің көңіл күйім неге ұқсайды?»
Оқушылар бүгінгі көңіл-күйлерін табиғат құбылыстарына ұқсатады.



Оқушылар мұғалімге амандасады. Сыныпта кім жоқ екенін айтады.
Оқушылар 1-оқушы. Менің көңіл –күйім таңертеңгі жарқырап шыққан күнге ұқсайды.






Презентация

Жаңа сабаққа кіріспе
5 мин

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін айтып өтеді.

Оқушылар сурет арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
Оқушылар санау арқылы 3 топқа бөлінеді.







Ортасы
5 минут

Ой шақыру.

БАҚ-тың жастарға тигізер оң және теріс жақтары










Оқушылар берілген кесте бойынша ойларын ортаға салып, топта талқылайды. Әр топтан бір спикер сөйлейді.

Дескриптор
Ойларын ортаға салады-1
Топта талқылайды-1
Жауап береді-1







Айтылым алды тапсырмасы
Бұқаралық ақпарат құралдарының жастардың отбасы туралы ұғымына тигізетін әсері
Қоғамда болып жатқан бетбұрыстардың (тенденция), ғылым мен техника жетістігінің, тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.
Қатыгез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұл қоғамдағы адамдардың тұрмысының өзгеруіне әкеп соғады. Осындай ақпараттар адамның адамгершілік құндылықтарының жойылуына себепші болады.
Отбасы бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы түсінігіне, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады. Жасөспірімдер осындай жағымсыз кейіпкерден үлгі алуы әбден мүмкін.
Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың интернетке тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Барлық бос уақытын осы ойынның алдында өткізетін адамдар бар. Бұл өкінішті жағдай. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады, ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б.. Қатыгез ойын арқылы кейіпкер өзінің барлық ойын іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу.

Оқушылар мәтінмен танысады. Мазмұнын топ ішінде талқылайды

Дескриптор
Мәтінмен танысады-1
Топта талқылайды-1







Айтылым тапсырмасы


Оқушылар мәселенің өзектілігін анықтап, ПОПС формуласы бойынша ауызша жауап дайындайды. Мәселені шешу жолын ұсынады.

Дескриптор
мәтіндегі мәселенің өзектілігін анықтайды-1 өз көзқарасын білдіреді-1 сыни тұрғыдан баға береді-1







Айтылымнан кейінгі тапсырма
Отбасы бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді, себебі ...
Теледидар жастардың отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етіп, ...
Өз ойын, өз мақсатын жарыққа шығару үшін ...



Ж. Оқушылар берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге (себеп бағыныңқы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқы сабақтас, мақсат бағыныңқы сабақтас) айналдырып, ойды жалғастырып жазады.



Дескриптор:
ойын қорытындылайды-1
сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата алады-1






Сабақтың соңы
5 минут

Рефлексия
Ұтымды шыққан ... ...
Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты
қажет ететін ...
Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар... Креативті ... ... , бірақ көркем тіл жетіспейді.





Дескиптор арқылы 1-10 ұпайлық бағалау







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет