Сабақтың тақырыбы: Бұл не? Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі18,46 Kb.
#48474
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы: Бұл не?
Бекітемін: ____________

Бөлімі: 1

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні:

Аманова Айдана Насрадинқызы

Күні:




Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұл не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.1.1* хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану);
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен заттың атын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) атай алады, аталған заттарды сұрап ала алу үлгісін қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі: өзімен қатарлас баладан немесе жасы үлкен адамнан қажетті заттың бірін сұрап ала алады.
Кейбір оқушылар: өтініш үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, не? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, олармен амандасады. «Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.







Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушыларды «Бұл не?» деген сұрақ үлгісімен таныстырады. Диалогті тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі. Бұдан кейін осы диалог негізінде оқушыларды кітап сөзінің орнына доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш сөздерін қолдануға жаттықтырады.
Оқулықта берілген үлгі бойынша оқушылар арасында жұптық жұмыс жүргізеді. Ол үшін мұғалім осы заттарды (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) үстелдің үстіне қояды. «Жұбыңды таңда» әдісі бойынша оқушы өз жұбын таңдайды.
2-тапсырмадағы сурет арқылы оқушыларды өтініш үлгісімен таныстырады:
- Маған кітап берші.
- Міне, ал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет