Сабақтың тақырыбы Буынның түрлері, құрылысы



Дата06.01.2022
өлшемі58,55 Kb.
#11997
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс


Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Буынның түрлері, құрылысы (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату

Сабақтың мақсаттары

  • Буынның құрылысын сипаттау;

  • Буынның түрлерін ажырату;

  • Буын құрылысының атқаратын қызметіне сәйкестігін бейімділігіне талдау жасау.




Бағалау критерийлері

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сүйектердің арасындағы байланыс түрлерін атап, олардың ағза үшін маңызын тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша сипаттай алады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Шар тәрізді және ертоқым тәрізді, қозғалмалы, қозғалмайтын, шамалы қозғалатын, шарнирлік, ажырамайтын буын, сырғитын, синовиалды сіңір



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Сүйектер бір-бірімен байланысады .... буын дегеніміз -....

Буыннның түрлері ... , ..., .....

Синовиалды буын дегеніміз ....

Буынның құрылым бөліктеріне...,...,...,....жатады.


Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.



Пәнаралық байланыс

Буынның кеңістіктегі қозғалу бұрыштары қарастырылғанда физика пәнімен, буын сұйықтығының құрамы туралы айтылу арқылы химия пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

«Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7 сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалыс мүшелері, тірі ағзалар үшін қозғалыстың рөлін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Амандасу, түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау






Сабақтың ортасы

4-28 мин


Мұғалім оқушыларға адам қаңқасының суретін ұсынып, ондағы буындарды тауып көрсетуін сұрайды. Оқушылар буынның орналасқан жерлеріне назар аударып, буын арқылы байланысқан сүйектерді атайды.

Оқушыларға әртүрлі буындардың сипаттамалары мен суреттері беріледі. Оқушылар осы сипаттамаларды пайдалана отырып адам қаңқасынан буын түрлерін анықтайды.

Кейбір оқушыларға мұғалім көмек көрсетеді. Кейбір оқушылар буын түрлері көрсетілген анимацияларды пайдалана алады.

Кейбір оқушылардың буынның қозғалу бұрышын анықтауды сұрауға болады.



Критерий:

  • Буынның құрылысын түсіндіреді;

  • Буын түрлерін ажыратады;

  • Буын құрылымдарының қызметтеріне қарай бейімделуін сипаттайды;

Мұғалім оқушылардың топтық жұмысы барысында тиісті сұрақтар қою арқылы оқушылардың мақсатқа жетуіне жағдай жасайды.

1 - қосымша

2-10 слайдтар



29-36 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау ұсынылады.

2-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

  • Мен ...білдім

  • Мен ...үйрендім Мен тағыда ...қарастырамын.



11 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға мұғалім көмек көрсетеді. Кейбір оқушылар буын түрлері көрсетілген анимацияларды пайдалана алады.

Кейбір оқушылардың буынның қозғалу бұрышын анықтауды сұрауға болады.

Онлайн тапсырма орындауды ұсыну арқылы

Оқушыларға түрлі ақпарат көздерінен қосымша ақпараттар тауып өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беру арқылы



Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың сұрақарға жауап берулері

Буын түрлері мен құрылысын сипаттаулары арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы



Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ақпартпен танысу кезінде белсенді қозғалыс жасайды







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет