Бекітемін:____________________________Айман Орынбасарқызы
|
Пәні:
|
Қазақ тілі
|
Бөлім:
|
Өзім туралы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Балғабай Жасмин
|
Күні:
|
12.10.2022
|
Сынып: 2А
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Дауыссыз л мен р
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру
2.4.1.4 - дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады :л, р дыбыстарының жазылу емлесін меңгереді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Оқу, тыңдау, айтып жатқа жаздыру, есте сақтау дағдыларын арттыратын жаттығуды орындауда белсенділік танытады; Шағын топта үйлесімді жұмыс істей алады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
8 мин
|
Қызығушылықты ояту.
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Сергіту сәті “Аңдар биі”.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жұмыс ережесімен танысу
• Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
• Уақытты үнемдейміз!
• Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
• Сабаққа белсене қатысып, жақсы
баға аламыз.
|
Видеоға қарап қайталайды.
Үй тапсырмасын айтады.
|
|
https://youtu.be/CWXyBTtDLD8
|
Жаңа білім
|
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысу.
44-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Рауан
Рауан-сәуле таңғы нұр,
Рақатқа бөлер жанды бұл.
Рауандап атқан ақ таңдар,
Ризық сыйла, сәл кідір!
Р дыбысынан басталатын сөздердің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын саластыр.
Рауан,рақат,ризық сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып, біліп ал.
Дәптермен жұмыс.
45-жаттығу. Бұлтта берілген сөздердің бір әріптерін өзгерту арқылы л әрпінен басталатын сөздер жасап жаз.
Сергіту сәті.
Өзіндік жұмыс
1.Үнді дауыссыздарды белгіле
А)с, н, ң Б)в, г,в, ғ Ә)к, қ, п В)м, р, у + 2.Дұрыс жазылған сөзді белгіле: А)лайық+ Б)лаиқ Ә)лайқ В)лаиық 3.Қай сөйлем дұрыс құрастырылмаған? А)Асан ағашты суарды Б)Марат доппен+ Ә)Ғарышкер ғарышқа ұшты В)Көктем келді.
4.Үнді дыбыстан аяқталған сөзді көрсет А) қал+ Б) лақ Ә) раушан В) радио
46-жаттығу. Оқы. Орны ауыстырылп берілген бөліктерден мәтін құрастыр.
Жазғы демалыс кезі. Біз жүгерінің арамшөбін отап жүр едік. Кенет күн бұлттанып, лезде жаңбыр құйып кетті.
–Кетпенді тастап қашыңдар!-деп дауыстадым.
Жұрт паналар жер таппаған соң, кетпен-күректерін төбелеріне тосты. Мұны көріп металдың жай тартатыны есіме түсе кетті.
Мәтін не туралы?
Найзағай туралы балаларға арналған энциклопедиядан біліп ал.
Мәтіннен л дыбысынан басталатын сөзді тап.
|
Дескриптор білім алушы
-Өлеңді жатқа жазады
- Р дыбысынан басталатын сөздердің астын сызады
- Рауан,рақат,ризық сөздерін сөздіктен тауып айтады
Дескриптор білім алушы
-Бұлтта берілген сөздердің бір әрпін өзгерту арқылы л әрпінен басталатын сөздерді жасап жазады
Серігеді.
Дескриптор білім алушы
-Орны ауыстырылып берілген бөліктерден мәтін құрайды
- Мәтін не туралы екенін айтады
- Мәтіннен л дыбысынан басталатын сөзді табады
|
“Шапалақ” әдісі
Өзіндік жұмыста стикерлер арқылы бағалау.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Оқулық, жұмыс дәптері
Тест тапсырмалары
Оқулық
|
Кері байланыс
3 минут
|
Үйге тапсырма: 54. Ребусты шешу
|
|
|
Стикерлер
|
Достарыңызбен бөлісу: |