Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата06.06.2023
өлшемі279,79 Kb.
#99242
түріСабақ

Бөлімі: 9.2А

Динамика негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Аманжол Аружан

Күні:

09.12.2022ж.

Сыныбы:9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.10 - үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтау;
9.2.2.11 - салмақсыздық жағдайын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: салмақсыздық құбылысына мысалдар келтіру
Көпшілік оқушылар. үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап, салмақсыздық жағдайын түсіну;
Кейбір оқушылар: үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап,практикада қолдану;

Бағалау критерийлері



- салмақсыздық құбылысына мысал келтіре алады.
- үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап,
салмақсыздық жағдайын түсінеді;
- үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап,практикада қолданады

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым қатынас жасау, көзқарастарына құрметпен қарау .Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау,іздену қабілеттерін арттыру.
Мәңгілік ел идеясын дамытуға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин
5 мин



1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын анықтау.
Психологиялық ахуал туғызу.Көңіл-күйлерін көтеру.
2.Үй тапсырмасын «Құпия қобдиша» әдісі арқылы сұрау.
Оқушылар құпия қобдишадан парақты таңдап алады. Және қағаз қиындыларында жазылған сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
Дененің салмағы дегеніміз не?
Реакция күшінің бағыты қандай?
P=m(g+a) формуласын қандай жағдайда қолданамыз?
Күштің қанша түрі бар, біреуіне сипаттама бер.
Асқын салмақ коэффицентінің формуласы.
Шынайы өмірден салмақсыздыққа мысал келтір.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор
-үй тапсырмаларына жауап береді

Жалпы балл -3





Презентация



Сабақтың ортасы.


10 мин

10 мин
10 мин



3. Түсіну
Жаңа сабақты сыни ойлаудан бастау:

1. Неліктен ғарышкерлер су астында дайындық өткізеді?


2. Қай бала салмақсыздықты сезіп тұр? Себебі?

Ішінде адам бар лифт төмен a = g = 9.81 m/s2 қозғала бастады.
Мұндай жағдайда адамға əсер ететін N реакция күші нөлге тең болады.
Бұл дегеніміз адамның салмағы да нөлге тең екенін көрсетеді. Осындай жағдай салмақсыздық деп аталады.

Ғарыштағы салмақсыздық


Ғарышкерлер ғарышта ауырлық күшін сезбейді. Олар салмақсыз
болады, Figure 2. Ғарыш кемесінің ішіндегі барлық денелер емін-еркін қалқып жүреді.

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары


Жұптық жұмыс жасау:
1. Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы қандай?
2 .Массасы 50 кг адамның Жерге түсіретін салмағы қандай?
3. Массасы 40 кг бала 5кг сөмкені өзімен көтеріп ұстап тұр. Баланың салмағы қандай?

Жеке жұмыс


1. Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеуі а=0,2м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? 510Н
2. Массасы 500г допты тік жоғары 0,6 м/с2 үдеумен лақтырсақ онда доптың салмағы неге тең? 5,3Н
3. Дене 1,5м/с2 үдеумен төмен қарай түскенде салмағы неге тең? Дене массасы 40 кг . 340Н .
4. Лифт 2м/с2 үдеумен вертикаль жоғары қарай көтеріледі. Лифтідегі жүктің массасы 50кг. Жүктің лифт еденіне түсіретін қысым күшін анықтаңдар.

Оқушылар өз тұжырымдарын айтады

Оқушылар тапсырманы жұптасып жасайды


Оқушылар тапсырманы орындайды.

Дескриптор


-тапсырманы орындайды

Жалпы балл -3


Дескриптор


- Есептерді шығарады

Жалпы балл -4




Сабақтың соңы.

Рефлексия


5 мин

Бағалау

Үй тапсырмасы


«100 пайыз» әдісі


Адам қай кезде асқын салмақта бола алатындығына бірнеше мысал келтіріңдер..




Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл



Стикерлер

Оқулық











Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет