Сабақтың тақырыбы: Екіөлшемді массивті сұрыптау, жолды өшіру Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата04.03.2023
өлшемі348,07 Kb.
#71514
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Пайтон программалау тілінде алгоритмдерді программалау

Педагогтың аты-жөні

Тұрсын Лаура

Күні

01.03.2023

Сынып 9 «б»

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

. Екіөлшемді массивті сұрыптау, жолды өшіру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



9.3.3.2 – екіөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау
тілінде бағдарламаларды жасау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Python программалау тілінде екіөлшемді массив элементтеріне
сілтеме жасау түрін анықтау;

Көптеген оқушылар:

Екіөлшемді массив элементтерін қолданып есептерді
программалау;

Кейбір оқушылар:

Екіөлшемді массивті сұрыптау программасының кодын ұсыну.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин.

1.Оқушылармен амандасу.
Ой сергіту жаттығуы. «Бұрылып секіріс» ойыны
(қатарда).
Оқушылар арақашықтығы кем дегенде жарты
метрдей, бір бағытқа қарап тұрады. Дабыл
берілгенде бір мезетте барлығы орнында
бұрылып секіреді. Секіргенде кез келген жағына
бұрылып (90º, 180º немесе 360º - қа дейін)
секіруге болады. Қалай және қаншалықты
айналуына болатындығын әркім өзі шешеді.
Бірақ ақылдасуға болмайды. Кезекті секірістен
кейін бір бағытқа бұрылып тұру керек. Күрделі
нұсқасы әр секірісте көзді жұмады. Көзді жұмған
қалпы ашпастан жаттығуды жасауға болады,
онда оқушылар арасында өзекті қатынас бір
жүйемен шешіледі.
Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен тақырып бойынша оқулықта берілген
тапсырмалардың шешімін топта талдайды.
Өзара бағалайды

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Жұмыс дәптерлері, дербес компьютер, т.б.

Сабақтың ортасы
35 мин.

Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау
 Матрица ұғымын қалай түсінесің? Техникада
қай салаларда кездеседі?
 Күнделікті өмірде кесте түрінде берілген
деректермен жұмыс жасауға қандай мысалдар
келтіре аласың?
Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген
сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді.
Мұғалім толықтырып отырады.
Практикалық жұмыс
С[N] [N] екіөлшемді массиві берілген(1Осы массивтің ең көп тақ элементтер орналасқан
қатарды өшір. Массив элементтерінің мәні 100
ден аспайды.
Массивте ең көп тақ элементтер орналасқан
қатарды өшіру үшін, тақ сандар ең көп
орналасқан қатардың орнын сақтап аламыз. Сол
орынды пайдаланып қатарды өшіреміз (4-код).
Программаның орындалу нәтижесі 5-суретте
берілген.
4-код
from random import randint
N=int(input()); max=k=0
a = [ [0 for j in range(N)] for i in range(N)]
for i in range(0, N):
for j in range(0,N):
a[i][j]=randint(1,50)
for i in (a):
print(i)
for i in range(0, N):
k=0
for j in range(0,N):
if a[i][j] % 2 == 1:
k+=1(тақ элементтерді санайды)
if k> max:
max=k;p=i; (тақ элементі көп қатардың)
print() нөмірін р-ға сақтайды)
a.remove(a[p]) (р қатарын өшіреді)
for i in (a): (массивті баспаға береді)
print(i)



Дескриптор


Екі өлшемді массив элементтерін анықтайды.
Python программалау тілінде программалай
алады.
Топтық жұмыс
Екі өлшемді массивтерді сұрыптау және қатарды
өшіру программасын талдаңдар. Программаның
әрбір қатарының қандай қызмет орындайтынын
анықтаңдар.
Жұптық жұмыс
Екі өлшемді массивтің ең үлкен және ең кіші
элементтері орналасқан қатарларды тауып,
өшіріп тастайтын программа кодын ұсыныңдар.
Егер ең үлкен және ең кіші элемент бір қатарда
орналасса онда тек сол қатарды ғана өшіру керек.
Оқушылардың жұмыстарын «Температура»
әдісі бойынша бағалау. Термометр шкаласына
оқушылардың аттарын жазу арқылы.

Мұғалімді тыңдайды

Арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін дәптерге жазады


Анықтамасын дәптерге жазады


Кестемен танысады


1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды



Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Жұмыс дәптерлері, дербес компьютер, т.б.

Сабақтың соңы
5 мин.

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:


Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Жұмыс дәптерлері, дербес компьютер, т.б.

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырманы орындап келу











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет