Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата07.01.2022
өлшемі18,2 Kb.
#17271
түріСабақ

Тексерілді: Д. Бекетов

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

Адам жанының құпиясы

Пән мұғалімі

А. Тұрғанбаева

Сыныбы

9

Күні:

15.02.2021 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.2.3.1. Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығарманы оқып түсіну. Мәтіндегі композициялық амалдарды талдау.

Құндылықтарға баулу:

Тарихи құндылықтарды дәріптеп, ұлттық дәстүрді сақтауға баулу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді,бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастарының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы жөнінде айтады.

«Ұлпан» романына қысқаша түсінік береді.

Бір-біріне қойған сұрақтарға жауап береді.

Мақсаты:


Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

ҚБ: өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

Тапсырма:

Сюжет бойынша әңгімелеу үшін шағын тезис-жоспар құру.

Тапсырма:

Басты кейіпкер Ұлпанның тұлғалық болмысына негізделген қазақ қызына тән психологиялық портрет дайында
Тезис-жоспар құрады.
Ойлары жинақы болады

Өз жауаптарын түсіреді.

Дескриптор

Жалпы балл


-Өз ойын анық жеткізеді

-Орфографиялық нормаға сай жазады


Дескриптор

Жалпы 5 балл

-Ойлары жинақы болады

-Өз жауаптарын түсіреді.

-Өз ойымен портреті суреттеп береді.

-Орфографиялық нормаға сай жазады


Оқулық, жұмыс дәптер

Оқулықпен жұмыс

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

Рефлексия

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады

Тиімділігі:тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Сабақта не қиын болды, не оңай болды?

Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.

Мен үшін маңызды бір ақпарат...

Қиындық тудырған тапсырма не сұрақ...

Мен үйрендім не білдім...


Оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын.

Жарайсың!



Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет