9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Галогендер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
9.1.4.5 -галоген молекулаларының электрондық
формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау
9.2.1.8-топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыруды анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын біледі
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.