Сабақтың тақырыбы: Қыз Жібек. Күні



бет1/3
Дата25.01.2023
өлшемі334,99 Kb.
#62751
түріСабақ
  1   2   3



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мектеп:

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, И.Құтпанұлы ат.ОМ

Мұғалім:

Сердалиева Ж.К.

Сабақтың тақырыбы:

Қыз Жібек.

Күні:

13.09.2022 ж

Сынып:

7 «В»

Оқу мақсаты:

7.1.1.1;Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау 7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаты

I. Барлық оқушылар біледі.

Б.: Ғашықтық жырлары туралы еске түсіреді, Қыз Жібек жырын біледі

Т.: Жырдың сюжетін түсінеді, құрамдас бөлшектерін ажыратады

II. Оқушылардың басым бөлігі біледі.

Қ.: шығарманы өз сөзімен айтады, құрамдас бөлшектерін ажыратып, өз ойымен аяқтай алады

Т.: Жыр кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен мінезіне дәлелдер келтіре отырып, талдау жасай алады.

III. Кейбір оқушылар біледі.



Ж.:, ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады

Б.: Жырдың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Бағалау критерийлері

І біледі, түсінеді

Қыз Жібек жырын біледі, жырдың сюжетін түсінеді, құрамдас бөлшектерін ажыратады

ІІ қолданады

шығарманы өз сөзімен айтады, құрамдас бөлшектерін ажыратып, өз ойымен аяқтай алады

ІІІ талдайды

Жырдың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

  • өзіндік пікір қалыптасады

Жырдың тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі маңызын түсінеді.

  • білімін өмірлік жағдайда пайдаланалады

 Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.

РЕСУРСТАР

Оқулық

САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ЖОСПАР

Жоспар‑
ланған уақыт

Жоспарланған жұмыстар







Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

САБАҚТЫҢ БАСЫ
(5 мин)




А) оқушылармен амандасу
В) оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау
С) ынта-зейіндерін сабаққа аудару






САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ
(36МИН )



I‑кезең:
(8 мин.).



Жаңа сабақ
Қыз Жібек - қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. 'Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жылы “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет