Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану. Сілтеме



Дата06.03.2023
өлшемі17,68 Kb.
#72008
түріСабақ

Күні: 07.09.15

Пәні: Математика

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.

Сілтеме:

Білім стандарты, пән бағдарламасы,“Математика” Математика 6 сынып, төрінші басылым. Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов Алматы «Атамұра» 2015 ж.

Жалпы мақсаттар:

Білім берудің жаңа тәсілдері мен АКТ-ны пайдаланып оқытуды қолдана отырып өткен тақырыпты қайталау, түсіну, кез-келген проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай есеп шығару дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы ойын қорыта алу.

Оқыту нәтижесі:

Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге қосып айта біледі; әрекетті сыни оулауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.оқушылардың дүниетанымы кеңейеді ой ұшқырлығы дамиды .

Негізгі идеялар:

Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды анықтап, өмірде қолдану.

Тапсырмалар:

  1. Ой шақыру: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық қандай амалдар қолданылады?

  2. Анықтама құрастыру, айту, толықтыру.

Міндеттері:

1.Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалау.
2.Балалардың сөйлеу мәдениетін ,өзіндік ой ұшқырлығын дамытуды қалыптастыру.
3. Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.
4. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.

Бағалау:

Бірін-бірі бағалау, 2 жұлдыз, бір ұсыныс.

Кейінгі тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс. №

Кері байланыс :

Рефлексия «БҮҮ»

1. Ұйымдастыру. Өткен материалдарды сұрап, қосымша сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып қорытамын.
2. Ой шақыру. Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды сұрап жауаптарын толықтыру.
1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
2.Қосудың терімділік қасиеті.
3. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
4. Көбейтудің терімділік қасиеті.
5. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
6. Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
Класс жұмысына есептер шығару.
№-
Сабақты бекіту үшін:
1. Жай бөлшектерге қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
2.Жай бөлшектерге қосудың терімділік қасиеті.
3. Жай бөлшектерге көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
4. Көбейтудің терімділік қасиеті.
5. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
6. Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті сұрап, сабақты бекітемін
Сабақты пысықтап, қорыту: оқушыларға оқулықтағы есептерді бөліп беріп, мағынасын ашқызып, есеп шығартамын. Сәйкестендіру тесттерін құрастырту, жауаптарын тапқызып, бір-біріне бағалату. Жалпылама сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып, қорытамын.
Үйге тапсырма беріп, оқушыларды бағалаймын.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет